«Солнышко» мектеп алаңының дербес жұмыс жоспары
2 маусым қашықтық форматта
|
Күн:
|
14.07.2020
|
|
Уақыты:
|
11.00
|
|
Тақырыптық блоктардың мазмұны:
|
Жақсылық жолымен
|
|
Мақсаты
|
Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
- жақсылық жасаудың адами қарым-қатынастағы мәнділігін түсіндіру;
- жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;
- қайырымды, қамқор болуға тәрбиелеу.
|
|
Қысқа мерзімді жоспар
|
Біз бүгінгі сабағымызда «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерімізді кеңейтуді жалғастырамыз.
Әңгімелесу.
• Балалар, жақсылық деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
• Жақсылық жасау деген не?
• Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?
• Жақсылықты риясыз жасау дегенді қалай түсінесіңдер?
• Өздеріңнің жақсылық істерің туралы естеріңе түсіріп айтып беріңдер?
Жақсылық жасау – адамдарды қандай қуанышқа бөлейді деп ойлайсыңдар?
- Жақсылық жасау үшін адам бойында адамшылық, жанашырлық, мейірімділік сезімдері мен жылы жүрегі болуы керек. Сонда ол жаман әдеттен жиреніп, жақсы әдетке үйренеді. Қолынан келгенше ешкімді де, ешнәрсені де бөліп жармай, бәріне бірдей жақсылық жасауға ұмтылады. Біз де сондай болуға тиіспіз. Әлемдегі барлық адамдар тек қана жақсылық туралы ойлап, жақсылық жасауға ұмтылатын болса, онда әлемде тыныштық, ынтымақ орнайды, адамдар бақытты өмір сүреді.
|