«Ақмола облысы Білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр аулының №1 жалпы білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттіқ мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 села Жалтыр отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Инстаграм

https://instagram.com/dzhaltshkola1ru?igshid=1rjl4ru5y6cba

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызметтер бойынша 2024 жылғы есеп

2024 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп

 

1. Жалпы ережелер

1) Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Жалтыр ауылы, Лев Гумилев көшесі 26 А.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

«Жалтыр ауылының №1 ЖОББМ» КММ білім беру саласында 6 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2023 жылы «Жалтыр ауылының №1 ЖОББМ» КММ 52 қызмет көрсетілді;

- «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны - 0;

- электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 17;

- қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 35.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

2024 жылы 40 қызмет көрсетілді:

- «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны - 0;

- электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 24;

- қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 16.

3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Білім беру саласындағы неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:

          "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау";

         «Жалпы білім беретін мектептергдегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және женілдікпен тамақтандыруды ұсыну»;

          «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар және оқуға қабылдау».

2. Қызмет алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет-ресурста орналастырылған  Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған http://sc0003.astrahanka.aqmoedu.kz/content/gosudarstvennye-uslugi-754 "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді. 

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылаулар туралы ақпарат.

Қазіргі уақытта занға тәуелді құқыттық ақтілердің жобаларын қоғамдық талқылау ашық нормативтік құқыттық актілердін интернет порталында жүзеге асырылады. «Жалтыр ауылының №1 ЖОББМ» КММ-де нормативтік құқықтық актілерді әзірлемеген.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер және басқалар)

«Жалтыр ауылының №1 ЖОББМ» КММ-де мемлекеттік қызмет көрсету бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен және қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 2 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Ай сайын халықты БАҚ, көрсетілетін қызметті берушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету бойынша жұмыс жүргізіледі.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнайы білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. Жүйеде 2 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі  жұмыс істейді,онда 3 мемлекеттік қызмет қолжетімді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру

Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында 2025 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

2025 жылы жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

 


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст