https://instagram.com/dzhaltshkola1ru?igshid=1rjl4ru5y6cba
Міне, мектеп жанындағы "Солнышко" қашықтықтан алаңының І маусымының жұмысы аяқталды. Балалар "Қазақстанның киелі объектілері бойынша", "Тарих сақтаушы – мұражайларына", әлемдік мұражайларға виртуалды саяхатқа аттанды. Нұр – Сұлтан қаласының көшелеріне виртуалды серуендер жасалды.
Балалар қызығушылықпен "Ғаламшардың ғажайып әлемі" тақырыбына ребустар мен сөзжұмбақтар құрастырды, кейін оларды шешу үшін бір-бірімен алмасты. Балалар туған өлке туралы өлеңдер, әндер, суреттер қашықтық тан сайысына белсенді қатысты, Жалтыр ауылы туралы қызықты презентация жасады.
Үшінші апта отбасына арналды. Балалар "Отбасылық тағамдар" тақырыбына суреттер салып, аналарға тамақ дайындау кезінде қалай көмектесетінін айтты. "Бақытты отбасы қаласы" байқауына қызығушылықпен қатысты. Барлық іс-шаралар жоспарға сәйкес өткізілді.