«Ақмола облысы Білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр аулының №1 жалпы білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттіқ мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 села Жалтыр отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Инстаграм

https://instagram.com/dzhaltshkola1ru?igshid=1rjl4ru5y6cba

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Апталық есебі

«Ақмола облысы Білім басқармасының

Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің

Жалтыр ауылының №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы есебі

 

   2022 жылғы 7 ақпанда  қазақ тілі мен әдебиет апталығы  ашылды.  Ахмет Байтұрсынұлы 150 жылдық  мерейтойын атап өту барысында 5-11 сынып оқушыларына ақпараттық виртуалды көрме ұйымдастырылды. Оқушылар Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаянымен және шығармашылығымен танысты.

                     

2022 жылдың 08 ақпанында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қыстаубаева Гүлжан Нұрсағитқызы 8 сынып оқушыларымен қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында "Ахмет Байтұрсынұлы - ұлт жанашыры" атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. Александр Дудкин, Николай Ермолаев және Никита Коломоец Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы туралы слайдтық презентация түрінде қызықты материал дайындады. Сейтқазина Салтанат пен Лушкина Валерия кроссвордтар дайындады. Қалған оқушылар кроссворд сұрақтарына жауап бере отырып, өз білімдерін көрсетті. Іс-шара сапалы және қызықты өтті, онда оқушылар көптеген жаңа материалдарды білді.

                  

        

    9 ақпан 2022 жылы қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Алибаева Д К 3 – 4 сынып оқушылар арасында "Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы" бойынша сөзжұмбақ құрастыру сайысын өткізді. Оқушылар белседі қатысты нәтижесінде 1орын:3сынып оқушысы-Фогельзанг Ульяна, Волгин Егор 2 орын: Рябоконь Арсений, Андриенко Эвелина 3орын: 4сынып оқушысы Науменко Софья, Лушкина Ксения, Рябоконева Камила иеленді..

 

      10 ақпан 2022 жылы қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Иргебаева А С     9 сыныпта қазақ тілі мен әдебиет апталығы аясында Ахмет Байтұрсынов 150 жылдығына  байланысты «Тіл білімінің атасы» атты сайыс өткізді. Сайыс оқушыларды парасаттылыққа тәрбиелеу, ұлы адамдар туралы білімдерін толықтыру мақсатында өткізілді.Сайыс онлайн Googie форма арқылы өткізілді. 9 сынып оқушыларына WhatsApp арқылы сілтеме жіберілді. Алдымен оқушылар «Ахмет Байтұрсынов ұлттың ұлы ұстазы» атты бейнебаянды тамашалады содан кейін сайыстың сұрақтарына жуаптар белгіледі. Ең жоғарғы 75 ұпай жинаған Метельская Валентина І орынға иеленді.  ІІ орын 70 ұпай жинаған Фадеев Никита. ІІІ орын 65 ұпай жинаған Тихенко Вячеслав және Гринько Александр иеленді.

                          

      10 ақпан 2022 жылы қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Абишева М Т         6 сыныпта қазақ тілі мен әдебиет апталығы аясында «Тапқыр достар» сайысын өткізді. Сынып екі топ бойынша жарысты. Сайыс бір неше саты бойынша өтті. Әр сатыда қызықты тапсырмалар болды. Өте белсенді қатысқан оқушылар Ариша Дудкина, Эльдар Сафин, Карина Каражигитова, Вероника Лихоненко, Вика Шарюкова, Саша Чердаков, Артём Кайзер.

  

                         

 

       10 ақпан 2022 жылы қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Иргебаева А С  7 сынып оқушыларын «ККО.KZ» веб сайтымен ұйымдастырылған «Қазақ тілі» пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиадаға қатыстырып, келесі нәтижелер көрсетті Осипов Антон және Зятина Никита 94% дұрыс жауап І дәрежелі диплом.  Влоков Алексей 81% дұрыс жауап ІІ дәрежелі дипломға ие болды.

 

     

       11 ақпан қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Абишева М Т 9 сынып арасында «Ахмет Байтұрсынов өлеңдері» атты челендж өткізді. Оқушылар Ахмет Байтұрсыновтың білетің өлеңдерін бейнебаян арқылы жеткізді. Барлық қазақ тілі мен әдебиет пәні апталығының іс шаралары жоспар бойынша өткізілді және мектеп сайтына жүктелген.

Жаңартылған күні: 16.02.2022 10:38
Құрылған күні: 16.02.2022 10:41

Текст