2025 жылғы 6 ақпан күні "Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің Жалтыр ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кыстаубаева Гульжан Нурсагитовна 5 сыныпта «Тәуелсіз елдің Астанасы» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаттары: тірек сөздерді дұрыс қолданып,иллюстрацияларды жазбаша сипаттайды; мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтайды;
Сабақ «Досына тілек» психологиялық ахуалдан басталды. Қойылған сұрақтар арқылы оқушылар «Менің тәуелсіз Қазақстаным» тараудың өткен тақырыптарын қайталады.
«Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында ой қозғау үшін мұғалім шағын мәтін жазғызды.
Сергіту сәті кезеңінде мұғалім әр түрлі парақшаларда сөздірді жазып, сыныптың әр парталарына қояды. Оқушылар музыкалық сүйемелдеумен әр түстің парақшаларын тауып, сөйлем құрастырады.
Сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушылар «Астана туралы» бейнефильм көрді.Содан кейін оқушылар мұғалімнің көмегімен сабақтың мақсаттарын анықтады. Мұғалім оқушыларға сабақтың бағалау критерий мен дескрипторларды ұсынды.
Жаңа сөздермен танысып, сөйлем құрастырды және сөздерді буынға бөліп, буын түрлерін қайталады.
Келесі сабақтың кезеңі- мәтінмен жұмыс болды. Оқушылар мәтінді оқыды. Мәтіннің мазмұнын бекіту үшін, мұғалім оқушыларға бес тест сұрақтарды ұсынды.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдалды:
-Саған қай тапсырманы орындауға ұнады,неліктен?
-Сен өз білімін көрсете алдың ба?
-Бүгінгі сабақтан өзіне қандай ақпарат алдың?
-Алған ақпаратын болашақта қажет болады деп ойлайсың ба?
Ашық сабағық жоғары деңгейде өтті. Сабақтың әр кезеңінде оқу мақсаттарының сәйкестігі және оларды жүзеге асыру нақты байқалды.
Сабақ барысында жұмыс атмосферасы құрылды, оқытудың әртүрлі белсенді әдістері, сараланған тапсырмалар қолданылды.