https://instagram.com/dzhaltshkola1ru?igshid=1rjl4ru5y6cba
9 сәуірде "Бастауыш сыныптар апталығы" аясында 2-сыныпта "Білім жолдарымен" атты сыныптан тыс іс-шара өтті. Мақсаты – әр баланың қабілетін ашуға жағдай жасау, дарынды балаларды анықтау. Іс-шараның басында оқушылар 3 топқа бөлінді. Іс-шараға дайындық барысында тапсырмалар жазылған парақтар дайындалды. Өткізу формасы – ойын түрінде, себебі мұндай форма оқу әрекетінің уәждемесін, тиімділігін және өнімділігін арттырады. Оқушылар тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Балалар ерекше қызығушылықпен жұмбақтарды, ребустарды шешіп, күрделі әрі қызықты тапсырмаларды орындады. Сыныпта жарыс пен бәсекелестік атмосферасы орнады. Оқушылар топпен белсенді жұмыс істеді, жылы әрі достық ортада балалардың еркіндігі байқалды.