https://instagram.com/dzhaltshkola1ru?igshid=1rjl4ru5y6cba
Бастауыш сыныптар апталығы аясында 10 сәуір күні 4-сыныпта «Ғарышта не бар?» тақырыбында жаратылыстану пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты – оқушыларды жекелеген ғарыш денелерінің сипаттамасын беруге үйрету.
Сабақ ғарыш туралы білімді өзектендіруден басталды. Оқушылар «Галактика» және «Құс жолы» атты жаңа ұғымдармен танысты. Танымдық белсенділікті арттыру үшін түрлі жұмыс түрлері қолданылды:
- Галактика моделін жасау тапсырмасы оқушыларға жұлдыздар жүйесінің құрылымын көрнекі түрде елестетуге мүмкіндік беріп, бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын дамытуға септігін тигізді;
- «Ғарыш нысандары» тапсырмасы негізгі ғарыш денелері туралы білімді бекітуге бағытталды;
-«Сипаттама мен нысанды тап» тапсырмасы логикалық ойлау мен зейінділікті дамытты;
- Сонымен қатар, балалар бөгдеғаламшарлыққа Жерге жол табуға көмектесті – бұл тапсырма оқушылардың алған білімін тосын жағдайда қолдануына түрткі болды.
Сабақ барысында оқушылар жоғары белсенділік танытып, берілген тапсырмаларды қызығушылықпен және ынтамен орындады. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жасап, алған білімдерін саралап, өз жұмыстарына баға берді.
Сабақ мақсатына толық жетті. Оқушылар ғарыш денелерінің негізгі сипаттамаларын меңгеріп, жаңа ұғымдарды игерді. Түрлі жұмыс түрлерін қолдану оқу үдерісіне деген мотивацияны және танымдық белсенділікті жоғары деңгейде ұстауға ықпал етті.