https://instagram.com/dzhaltshkola1ru?igshid=1rjl4ru5y6cba
2025 жылғы 26 мамырда "Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің Жалтыр ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 8 сыныпта қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша емтихан өтті.
Аралық аттестаттаудың мақсаты-негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес білім алушылардың пән бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін бағалау.
Аралық аттестаттау тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу білімі мен дағдыларын бағалай отырып, жазбаша және ауызша түрде жүргізіледі.
Емтиханға 22 оқушы қатысты. Емтихан алушылар-Қыстаубаева Гүлжан Нұрсағитқызы. Оқушылар емтихан тапсырмаларын орындап, тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу дағдылары мен білім деңгейлерін көрсетті.
Емтихан қорытындысы:" 5 " - 9 оқушы," 4 "- 10 оқушы және" 3 " - ке 3 оқушы тапсырды. Барлық оқушылар аттестатталған. Пән бойынша сапасы-86 %, үлгерімі-100%