https://instagram.com/dzhaltshkola1ru?igshid=1rjl4ru5y6cba
2025 жылғы 27 тамызда "Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің Жалтыр ауылының № 1 жалпы білім беретін мектебі" КММ-де «Білім беру ұйымының 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» тақырып бойынша №1 педагогикалық кеңес өтті.
Өткізу форматы: офлайн.
Осы педагогикалық кеңестің мақсаты мемлекеттік білім беру саясатын іске асыруда бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету, 2025–2026 оқу жылына педагогикалық ұжым қызметінің негізгі міндеттерін анықтау.
Отырысқа "Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі" ММ-нің спорт бойынша әдіскері Савченко Николай Александрович және мектеп педагогтар қатысты.
Педагогикалық кеңестің төрайымы Қыстаубаева Гульжан Нурсагитовна оқу жылының басталуы туралы құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ күн тәртібін ұсынды, отырыстың мақсаттары мен міндеттерін айқындады, сондай-ақ оны өткізу регламентін бекітті.
Отырыстың негізгі бөлігі барысында директордың тәрбие жұмысы және оқу жұмысы жөніндегі орынбасарларының, сондай-ақ әдістемелік бірлестіктер жетекшілердің баяндамалары тыңдалды.
Күн тәртібі:
1 сұрақ : Педагогикалық кеңестің ашылуы
Педагогикалық кеңестің төрайымы Қыстаубаева Гүлжан Нұрсағитқызы оқу жылының басталуы туралы құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ күн тәртібімен таныстырып, отырыстың мақсаттары мен міндеттерін айқындап, оны өткізу регламентін бекітті.
2 сұрақ : Жаңа оқу жылында білім беру ұйымының жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары туралы. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Кудик Татьяна Талгатовна сөз сөйледі.
3 сұрақ : Жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы. Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Картабаева Ботакөз Қалиқызы және гуманитарлық цикл әдістемелік бірлестіктің жетекшісі Сухоставская Анна Константиновна, жаратылыстану-математикалық цикл жетекшісі Осадчая Виктория Ивановна, бастауыш сыныптар жетекшіссі Миллер Екатерина Владимировна сөз сөйледі.
4 сұрақ : Мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі туралы. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Кузьменко Тамара Андреевна сөз сөйледі.
Отырыс соңында педагогикалық кеңестің төрайымы қаралған мәселелерді қорытындылады.