«Ақмола облысы Білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр аулының №1 жалпы білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттіқ мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 села Жалтыр отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Инстаграм

https://instagram.com/dzhaltshkola1ru?igshid=1rjl4ru5y6cba

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Семинар «Мектепте шығармашылық қабілеттерді дамыту»

22.04.2026

22 сәуір күні біздің «Жалтыр ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында мектепке дейінгі білім беру педагогтерін, пән мұғалімдерін, әлеуметтік педагогтерді, ата-аналар мен балаларды біріктірген «Мектепте шығармашылық қабілеттерді дамыту» тақырыбында аудандық семинар өтті.

Іс-шараның мақсаты – заманауи әдістерді, тәсілдерді және білім беру технологияларын меңгеру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелері бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру болды.

Семинар аясында қатысушылар: •педагогтер мен оқушылардың шеберлік сыныптарына;
•практикалық сабақтарға;
•театрландырылған көрініске;
•«Шығармашылық калейдоскопы» концерттік бағдарламасына;
•қорытындыларды талқылау және кәсіби тәжірибе алмасуға қатысты.

Семинар ынтымақтастық, шабыт және шығармашылық атмосферасында өтті. Әрбір қатысушы жаңа идеялар, пайдалы білімдер және алдағы жұмысқа жігер алды.

Белсенді қатысқандары және білім саласын дамытуға қосқан үлестері үшін барлық педагогтерге, қонақтарға және қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!

Просмотров: 179


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст