Спартакиада қорытындысы

19.05.2026

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына арналған «Жігер» және «Намыс» спартакиадалары аясында мектебіміздің оқушылар командасы саптық дайындық пен ән байқауына қатысты.
14 команда ішінде біздің оқушылар саптық дайындықтың жоғары деңгейін, ұйымшылдықты және саптық әнді үздік орындауды көрсетіп, байқау қорытындысы бойынша 1-орынға ие болды.
Іс-шараға қатысу әскери-патриоттық тәрбиені нығайтуға, командалық рухты қалыптастыруға және Отан қорғаушылардың ерлігіне деген құрметті арттыруға ықпал етті.

Просмотров: 2855


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу