«Ақмола облысы Білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр аулының №1 жалпы білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттіқ мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 села Жалтыр отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Инстаграм

https://instagram.com/dzhaltshkola1ru?igshid=1rjl4ru5y6cba

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жастар" оқушылар спартакиадасы

19.05.2026

2026 жылғы 8 мамыр, жұма күні «Жастар» мектеп оқушылары спартакиадасының бағдарламасына кіретін 2008–2012 жылы туған оқушылар арасында аудандық жеңіл атлетика жарыстары өтті. Жарыс Астраханка ауылының орталық стадионында ұйымдастырылды. Оған 11 команда қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша біздің оқушылар жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды. Сонымен қатар, спортшыларымыз жеке біріншіліктерде де жоғары нәтиже көрсетті.
Зарахова София 100 метрге жүгіруден І орын және 200 метрге жүгіруден І орын алды.
Бондаренко Елизавета 1500 метрге жүгіруден қола жүлдегер атанды.
Рожко Яна 100 метрге жүгіруден ІІІ орын және 800 метрге жүгіруден І орын иеленді.
Пустовойтенко Кирилл 100 метрге жүгіруден ІІІ орын және 800 метрге жүгіруден І орын алды.
Дудкина Арина мен Чердаков Александр жүгіріп келіп ұзындыққа секіруден күміс жүлдегер атанды.
Сондай-ақ, біздің спортшылар 4х100 метрлік эстафетада да жақсы нәтиже көрсетті: қыздар ІІ орын, ал ұлдар ІІІ орын иеленді.
Жарайсыңдар, балалар! Осындай жетістіктерің көп болсын!

Просмотров: 180


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст