https://instagram.com/dzhaltshkola1ru?igshid=1rjl4ru5y6cba
Наурыз-дәстүр, мереке тарихы.
15 наурыз күні 1-сыныпта "Наурыз – дәстүр, мереке тарихы"тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: балалардың бойында қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары туралы білімдерін таныстыру және бекіту. Міндеттері: - оқушылардың Наурыз мерекесі туралы білімдерін өзектендіру; балалардың ой-өрісін кеңейту; - коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру; бос уақытты қызықты өткізе білу;
- туған елдің мерекелері мен дәстүрлеріне деген қызығушылық пен құрметке тәрбиелеу, ортақ мәдениетті дамыту, патриотизмге тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқушылар Наурыздың шығу тегі мен атауы туралы аңызды тыңдады; жұмбақтар шешті; назар аударарлық ойын ойнады; "Наурыз" әнін орындады және қонақжайлылық дәстүрлерін көрсетті.