https://instagram.com/dzhaltshkola1ru?igshid=1rjl4ru5y6cba
Осы уақытқа дейін Қазақстанда облыс, қала, аудан әкімдері, олардың орынбасарлары партиялардың төрағалары болып келді, сондықтан басқа партиялардың топ жарып шығуы екіталай еді. Конституцияға енгізілетін өзгерістерге сәйкес өз өкілеттігін атқару кезінде Президенттің өзінен бастап бірқатар лауазым иелеріне партия қатарында болуға тыйым салынады. Бұл барлық мемлекеттік аппараттың жұмысына оң әсер етеді. Партиялардың арасында саяси бәсекелестіктің артуына ықпалын тигізіп, олардың бірдей дамуы үшін жағдай жасайды.
Осылайша, өз партиясын құрған әр азамат оны дамыту үшін, саяси аренада өзінің әлеуеті мен қауқарын көрсетіп, мемлекет пен халықтың сеніміне ие болу үшін барынша мүмкіндік алады. Демек, партиялар арасында адал бәсекелестік дамиды, ел мүддесін көздейтін, сол үшін жұмыс істейтін ұйымдар саны көбейеді.
Бүкілхалықтың референдумда әр азамат Қазақстандағы осындай және басқа да оң өзгерістерді қолдауға толық құқылы. Ендеше, жаңаша жаңғыруға мұрындық болайық, референдумға белсене қатысайық!