«Ақмола облысы Білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр аулының №1 жалпы білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттіқ мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 села Жалтыр отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Инстаграм

https://instagram.com/dzhaltshkola1ru?igshid=1rjl4ru5y6cba

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

14.02.2018

Тіл білгірлерінің сайысы "Мен не білемін? "

Іс- шараның мақсаттары:

1. Хайуанаттар бағының қандай екенін және ондағы жануарларды сипаттай білу; берілген құрылымдық үлгі бойынша сұрақ қоя алу; модуль бойынша берілген белсенді сөздік корды сөйлеу барысында қолдану.

2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, ауызша, жазбаша сөздік қорларын дамыту; монолог пен диалогты сөйлеу шеберліктерін жетілдіру;

3. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құштарлығын арттыру, отаншылдыққа мемлекеттік тілге деген құрметке, көптілді маман болуға тәрбиелеу, үштұғырлығын насихаттау.

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Әдісі: жеке сұрақ-жауап, тақырыптық әңгіме құру-көркем сөз (монолог), мақал -мәтел айту, сауатты жазу, тест сұрақтарына жауап беру.

Іс -шараның түрі: сайыс сабақ

Көрнекілігі: слайд- презентациясы

Іс -шараның барысы:

1.Психологиялық көңіл-күйі

2. Негізгі бөлімі

1-кезең «Ой қозғау» Әр топтың сайыскерлері ретімен кезек-кезек сұрақтарды оқып жауап беруге тырысады, сайыскер білмесе, топ көмектеседі.

2-кезең «Кім жылдам?»

Слайдта жазылған сөздердің 2-3 минуттың ішінде параққа аудармасын тауып жазады.

3-кезең «“Хайуанаттар бағы” тақырыбына әңгіме құрастыру».

4-кезең «Сұрақ-жауап».

Сурет бойынша диалог құрастыру

Сергіту сәті «Қызыл кітабы" бейнефильм көрсету (7 минут)

5-кезең. "Саған қандай құс ұнайды?"

Ұнаған құсқа сипаттама жазып айту (2 минут)

6-кезең «Ертегілерде аңдар қандай?»

Сурет бойынша әр аңға сипаттама беріңдер (2 минут)

7-кезең "Мақал-мәтелдер" сайысы

Топ басшылары осы кезеңде кім көп мақал- мәтел білгенін көрсетеді

8-кезең. «Үйшік» ертегінің көрінісі

3. Сайыстың қорытындысы.Марапаттау.

Просмотров: 357


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст