https://instagram.com/dzhaltshkola1ru?igshid=1rjl4ru5y6cba
13 ақпанда қазақ тілі мен әдебиеті апталығының аясында
қазақ тілі мұғалімі Кыстаубаева Гульжан Нурсагитовна 4 сынып оқушыларымен "Мен не білемін?
" тіл білгірлерінің сайысын өткізді.
Іс- шараның мақсаттары:
1.
Хайуанаттар бағының қандай екенін және ондағы жануарларды сипаттай білу; берілген
құрылымдық үлгі бойынша сұрақ қоя алу; модуль бойынша берілген белсенді сөздік
корды сөйлеу барысында қолдану.
2.
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, ауызша, жазбаша сөздік қорларын дамыту; монолог пен диалогты сөйлеу шеберліктерін жетілдіру;
3.
Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құштарлығын арттыру, отаншылдыққа мемлекеттік тілге
деген құрметке, көптілді оқушы болуға тәрбиелеу, үштұғырлығын насихаттау.
Сайыс психологиялық көңіл-күйінен басталды. Сынып үш топқа бөлініп,оқушылар сайысқа
кірісті.
1-кезең «Ой қозғау» Әр топтың сайыскерлері ретімен кезек-кезек сұрақтарды оқып жауап беруге
тырысты, сайыскер білмесе, топ көмектесті.
2-кезең «Кім жылдам?»
Слайдта жазылған сөздерді 2-3 минуттың ішінде параққа аудармасын тауып жазып қорғады.
Сергіту сәті «Қызыл кітабы" бейнефильмін көріп, тыңдағанын аударды.
3-кезең «“Хайуанаттар бағы” тақырыбына әңгіме құрастыру».
4-кезең «Сұрақ-жауап». Сурет бойынша диалог құрастырды.
5-кезең. «Үйшік» ертегінің көрінісін көрсетті.
Әр
топ сайысқа белсенді қатысты. Сайыстың нәтижесі- 1 орынға 37 ұпаймен
екінші топ сайыскерлері ие болды,ал бірінші мен үшінші топтар 32 ұпай жинап,екінші орынды бөліп алды.