«Ақмола облысы Білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр аулының №1 жалпы білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттіқ мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 села Жалтыр отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Инстаграм

https://instagram.com/dzhaltshkola1ru?igshid=1rjl4ru5y6cba

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

24.01.2018

Біздің мектебімізде жыл сайын математика және физика апталығын өткіземіз. Негізгі мақсаты: оқушылардың пәнге деген оқу қызығушылығын арттыру болып табылады. Ойын және сайыстарды өткізу оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін дамытып, зерттеуге ұмтылысын асырады. Әр жылдың қаңтар айында математика мен физика апталығы өтеді.Дайындыққа қатысатындар- математика мен физика пәніне құмар артқан оқушылар. Жас ерекшеліктерін және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып іс-шараның жоспары жасалады .

Пәндік аптаның талаптары:

- барлық оқушылардың пәндік апталыққа қатысуын қамтамасыз ету.

- Әр сыныпта іс-шараларды өткізу, математика біліміне деген қызығушылықтарын, танымдық қасиеті мен шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту үшін.

-Оқушыларды математика білімін өмірдің басқа қызметтік салаларында қолдануы мен таныстыру.

- Оқушыларды жеке және өз бетінше, ұжымдық жұмыстар жасауға ұйымдастыру.

Апталық өткізудің принциптері: оқушы апталық іс-шараларының белсенді қатысушысы болып табылады. Ол өзін рөлдерде қоя көріп, өзінің күштерін әр түрлі қызмет түрлерінде сынау болды. Құрастыру, ойдан шығару, ойлар айқындау және оларды іске асыру, сурет салу,жұмбақтар мен тапсырмалар шешу.

Бағдарламаның өтуі:

Пәндік апталықтың өткізуі оқу жұмысының әр түрлі әдістерінің нысанын ашты.

Жеке және ұжымдық жұмыс формаларына сүйене отырып өзара саралау үйлесті. Тәжірибие көрсеткендей оқушылардың оның алдына дейін болмаса да, апталық өткенен кейін математикаға деген құштарлығы бір-ақ ашыла түсті. Тапсырмалардың қиындық деңгейі мектептегі оқушылардың дайындың деңгейіне немесе азырақ алда болуына сәйкес келді. Үлгерімі төмен оқушыларға өте жеңіл тапсырмалар,ал қиын тапсырмалар дарынды баларға бөлек дайындалды. Осы апталыққа қатысқан әр оқушы өзіне жақсылық алды деп үміттеміз.

Апталық мазмұнды өтті. Апталықтың басталуы жиынға тұрудан басталды, әр сынып оқушыларына тапсырмалар хабарланды: сурет салу, сандармен жапсыру орындау,ребус шешу,сөзжұмбақтар ойлап табу. Математикаға деген қызығушылықтарын тәрбиелеу назарларын нығайту.

5 сыныпта «Ойнай үйренеміз » атты ойыны өтті. Сынып екі топқа бөлінді. Ойын бірнеше кезеңнен өтті. Бірінші топ «1/7» командасы және «Умники».

Бірінші кезеңде оқушылар кезекпен 1 ден 50ге дейінгі сандарды белгіледі. Екінші кезең- математикалық ребустарды шешу болды. Үшінші кезең-анаграммалар. Қорытынды кезеңде «Үшбұрыш» ойыны болды. Оқушылар әріптерден сөз құрады. Оқушылар құмарлық пен қызығушылықпен ойынға қатысты. Табан тірескен күресте «1/7» тобы жеңіп шықты. Ойынның әр қатысушысы тәтті сыйлық алды.

7 сынып оқушылары « Математикалық кафеге» аттанды. Жарысқа қатысу үшін оқушы математика бойынша өз білімін жинау керек еді.Математика пәнінен тапқырлық сезімін ұштау керек еді.

Жарысқа екі топ қатысты: «Функция» және «Ромб».

1. «Сұрақ-жауап » әр топ кезектесіп сұрақтарға жауап берді. Келесі тапсырма Математикалық ералаш болды.

2. Балық сорпасы тапсырмаларында оқушылар теңсіздіктерді шешті.

3. Функционалдық сорпа-өз атауын функцияның графигін анықтау және тиісілі нүктені анықтау болғандықтан алды.

4. «Үшбұрыштық» гарнир

5. Математикалық коктейль

6. Десертке оқушылар көрініс көрсетті.

Оқушылардың өткен білімдерін жаттағаны ойынды тек қана танымды және қызық етті.

8 сыныпта физика пәнінен «Өз ойыны»өтті. Бұл ойын шығармашылық ойлау қабілеттерін оқушылардың өз бетінше ізденуін, ұжымда бірге жұмыс істеуін және тапқырлы болуын,көркем сөйлеу өнерін талап етті. Ойынды А.А.Крамарь өткізді.

6 сыныпта «Математикалық эстафета» ойыны екі кезеңнен өтті. 1 кезең «Сана,тап ,ойлан»,ал екінші кезең «Сен білесің бе?» Кезеңдер арасында «Әуестік үзіліс» болды ( ұлы математиктер жайлы ғалымдардың айтқан сөздері ). 9 сыныпта «Өз ойыны» өтті. Оқушылар екі кезеңде жарысқа түсті. Бірінші кезең «Ғажайып сандар әлемі» оқушылар осы кезеңде атақты математиктар өмірімен танысты, мақал мен нақыл сөздерді есіне алды, екінші кезеңде анаграмаларды шешті. Г.И. Гаппель іс-шаралады өткізу кезінде шығармашылық шабыт , қызығушылық,құмарлық құруға тырыстқанын қатысушылар лезде сезінді. Іс-шаралар қатысушыларға математика пәнінің адам өміріндегі ерекше орыны бар екендінін түсінуге мүмкіндік берді. Үздік математика эрудиті болып:Касымова Азиза 6 сынып, Рыскуова Сабина, Экштайн Марина.

5 сыныпта іс-шаралар жоспарына сәйкес «Оныншы бөлшек» тақырыбында ашық сабақ өтті. Оныншы бөлшекті оқу және жазу. Сабақ жарыс түрінде өтті, тапсырмаларды табу, топта оқушылар жаңа тақырыпты түсінетіндей тапсырмалар орындады. Жұмыс презентациямен әшекейленді, музыкалық сергіту сәті мен қызықты ойындар өтті.

Іс-шараның қорытындысы «Математикада қонақта» кеші болды. Осы іс-шараның қатысушылары 5-8 сынып оқушылары болды. «Тік төртбұрыш және үшбұрыш» көрінісін 6 сынып оқушылары көрсетті, сонымен қатар өлеңдер орындады. 5 сынып оқушылары «Сандар» көрінісін көрсетті. Оқушылар арасында «Кім де кім көп біледі» отты байқауы өтті, қызықты фокустар көрсетілді және би быйқауы болды. Тәтті сыйлықты әр қатысушы алды.

Қорытынды: Ашық сабақтар мен іс-шаралар өткізіліп жатқан уақытта ойлағандай-ақ көптеген сәттер жүзеге асты:

- Оқушылардың оқып жатқан тақырыптарға деген қызығушылықтарын сақтап қалу.

- Алған білімдерін практикада тексеріп саралау

- Тарихи фактілермен танысу тақырып көлемінде.

- Сөз жұбақтарды,ребустарды,фокустарды шешуде ерекше тәсілдерді қолдану

Просмотров: 470


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст