https://instagram.com/dzhaltshkola1ru?igshid=1rjl4ru5y6cba
2017 жылдың 28 қазан күні Астрахан №2 орта мектебінде жоспарланған «Жастар-2018» спартакиадасының баскетболдан 2001 жылғы және одан кіші қыздар арасында аудандық жарыс өтті. Бұл жарысқа бес команда қатысты. Бұл жарыста команданың барлығы бір-бірімен ойнап шықты. Содан жеңген команда әр ойында жеңгендеріне байланысты айқындалды. Осы жарыста біздің команда Новочеркаск, Астрахан, Камышенко командаларын оңайлықпен жеңіп, финалда Староколутон командасымен кездесті.
Соңында қиын ойында біздің қыздар жеңісті қолдан жұлып алып, тағы да өздерінің чемпион атағын дәлелдеп, кубокпен және мадақтамамен марапатталды. Сол сияқты 10 сынып оқушысы Осадчук Полина «Үздік ойыншы» аталды.
Қыздар, жарайсыңдар!!!