Текст
https://instagram.com/dzhaltshkola1ru?igshid=1rjl4ru5y6cba
Қазақстан халықтарының тілдері апталығының аясында 3-сыныпта орыс тілінен интерактивтік ойын өткізілді.Ойын әр түрлі бөлімдерден тұрды: «Қосарлы дауыссыздар», «Жіңішкелік белгісі», «Екпінсіз дауыстылар», «Сәттілік ойыны».Әр бөлімде үш тапсырмадан болады,олар 10 ұпай,20 ұпай, 30 ұпай
деп бағаланады.Ойынның басында барлық қатысушылар екі топқа бөлінеді: «Дауыстылар» және «Дауыссыздар» тобы. Көбірек ұпай жинап алу үшін оқушылар арасында кескілескен шайқас қызды.Ойын барысында балалар орыс тілінен өткен ережелерді қайталады. Жарыс соңында «Дауыссыздар» тобы жеңіске жетті.