https://instagram.com/dzhaltshkola1ru?igshid=1rjl4ru5y6cba
Міне, «Күншуақ» мектеп жанындағы алаңның соңғы күні де келіп жетті. Күн өте керемет өтті. Таңертең музыканың сүйемелдеуімен жаттығу жасалды және балалар «Космический футбол» ойынын ойнады. «Клад сладкоежек» ойынында балалар әр жерде жасырынған тәтті сыйлықтарды іздеді. Осы ойынды ұйымдастыруға көмектескен біздің демеушіміз Л.Н. Ермолаеваға алғыс білдіреміз. Балалар аса қызығушылықпен жасырынған сыйлықтарды іздеп, қиын тапсырмалардан сүрінбей өтті.
Күн мерекелік бимен аяқталды. Балалар өз өнерлерін көрсетті. Балалармен бас киімдерді бояу байқауы өтті.
Алаңның аяқталуы бойынша бізге жазғы демалысты ұйымдастыруға көмектескен демеушілерімізге алғыс білдіреміз.
Келесі жылда кездескенше!