Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінң түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру. Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңда білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, ән, плакаттар, карточкалар, ойындар.
Барысы:
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті достар! Бүгін біз «Мамандықтар әлеміне» саяхаттаймыз. Мамандықтардың біздің өміріміздегі маңызына тоқталамыз.
-Мамандық дегеніміз не? Мамандық –бұл адамның негізгі ісі , оның еңбек іс-әрекеті. Негізгі іс-әрекеті дегеніміз мамандыққа байланысты еңбек. Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі. Мамандықты таңдағанда адам өзінің бойындағы жақсы дамыған білік, машықтарға, қабілетіне, қасиетіне, қолынан жақсы келетін ісіне, ұнатып істейт ін ісіне қарап таңдайды.
Мамандық - адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс-әрекетінің түрі.
- Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек?
Мұғалім:- Ендеше әрқайсымыз өз қалаған мамандығымызды айтайық. -Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тапта бар қалан,
деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.
Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.
Мен сендерге әріп көрсетемін, сендер соған байланысты адамның еңбегін (мамандығын) айтасыңдар.
«Әріпті мамандық»- ойыны.. Әріптерден басталатын мамандықтарды атау керек. Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтарының қыр- сырын айту керек.
С –сатушы, сауыншы, сәулетші, суретші
М-мүсінші, мұғалім, милиционер
Ж-жүргізуші, жазушы, жұмысшы
Д-даяшы, дайвер, дүкенші, дәрігер
А-агроном, аспазшы, альпинист,адвокат, аудармашы
Б-боксшы, банкир, бизнесмен,биші,балықшы, балташы
Т-тігінші тоқымашы, танкист, тәрбиеші, теңізші
«Жасырылған мамандықты тап!» тренингі 5 минут
Нұсқауы. Тренингке қатысушылар 4 - топқа бөлінеді. Әр топтың бір қатысушысы келіп жүргізушінің қолындағы топшаманы суыруы керек. Әрбір топшамада белгілі бір мамандықтың аты жазылған. Барлық топ өздеріне түскен мамандықты қарсы топтарға ешқандай вербальды емес қарым-қатынаста (ешқандай сөз қолданбай), ым-ишарамен, түрлі қозғалыстарымен түсіндіруі қажет. Ал қарсы топтар жасырылған мамандықты табуы керек.