1. Білімділік: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой - өрісін, білім деңгейін көтеру.
2. Дамытушылық: Түрлі әдіс - тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру. Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық дәстүрлерін сыйлауға тәрбиелеу, шапшаңдық пен зеректікке баулу.
Сабақтың түрі: танымдық сайыс сабақ
Сабақтың формасы: топтық
Сабақтың әдістері: эвристикалық, репродуктивтік
Сабақтың тәсілдері: демонстрациялау, баяндау, көрсету, өздік жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, кеспе қағаздар
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану, математика, бейнелеу
Құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгінгі «Қазақшаңыз қалай?» атты танымдық сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз - басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен қатар, өзара ынтымақтастықта жұмыс жасай алуға үйрету.
Қадір Мырза Әлі айтқандай, ұлы қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Осындай мақсатпен біздің мектебіміздің 3 - сыныптар арасындағы «Қазақшаңыз қалай?» атты танымдық сайыс сабағымызды бастаймыз.
Бүгінгі сайыс мынадай кезеңдерден тұрады:
1. Таныстыру. (өз тобын таныстыру)
2. «Өнерпаз болсаң...» (үй тапсырмасы: мақал, жаңылтпаш)
3. «Ыстық орындық» (сұрақ-жауап)
4. Сөздер сөйлейді... (шашыраңқы сөздерден сөйлем құрау)
5. Топ басшыларының сайысы. (ия/ жоқ)
6. Үш тілде сөйле. (шар ішіне сурет салынады, оқушы оны үш тілде айтады)
7. сандарды сөйлет
Беташарын сайысымыздың бастайық,
Көрермендерді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін.
Өнеріне ду қол соғып қостайық.
Енді, қай топ бірінші болып бастайтынын анықтау үшін қоржыннан асықты тандап, ойынның басынан аяғына дейін кім бірінші бастайтынын анықтайды.
(Қоржыннан асықты алады: қызыл асықты алғандар бірінші, көк асықты алғандар екінші, ақ асықты алғандар үшінші)
1 кезең. Таныстыру
І топ. «Жас қыран»
Қалықтап көкте жас қыран,
Халықпыз сөзге тоқтаған.
Тілімен топты жаратын.
Тобымыз біздің - «Жас қыран»
ІІ топ. «Жас тұлпар»
Тұлпардың байқа шабысын,
Таңдаймыз жолдың алысын.
Білім менен өнерде
Қорғаймыз елдің намысын!
2 кезең. «Өнерпаз болсаң...»
Оқушылардың дайындап келген өнеріне тоқталайық.
3 кезең «Ыстық орындық»
Бұл кезеңде әр топтан бір оқушы шығып орындыққа отырады. 1 сұрақ қойылады. Берілген сұраққа тоқтаусыз, дұрыс әрі жылдам жауап беру керек.
"Жас қыран " тобына:
1. Сен қай ауылда тұрасың?
2. Сен қай мектепте оқисың?
3. Сенің сүйікті ісің?
4. Оқу құралдарын ата?
5. Апта күндерін ата ?
6. Қалам не үшін керек?
7. Жыл мезгілдерін ата?
8. «Твердый» сөзін аудар?
9. Кітап не үшін керек?
10. Сен неше жастасың?
"Жас тұлпар" тобына:
1. Сен неше жастасың?
2. Сен қай көшеде тұрасың?
3. Отбасыңда неше адам бар?
4. Қазір қай жыл мезгілі?
5. Өшіргіш не үшін керек?
6. Бүгін аптаның қай күні?
7. «Вечером» сөзін аудар?
8. «Футбол» сөзінде неше буын бар?Қандай?
9. Үй жануарларын ата?
10. Күз айларын ата?
4 кезең. Сөздер сөйлейді. Шашыраңқы сөзерден сөйлем құрайды.
"Жас тұлпар" тобына:
1. Әжем, менің, жаста, 70 - Менің әжем 70 жаста.
2. Барады, менің, балабақшаға, інім. – Менің інім балабақшаға барады.
3. Жұмыс, істейді, кітапханашы, кітапханада - Кітапханашы кітапханада жұмыс істейді.
4. Мектепке, барасың, сен, атаңмен. - Сен мектепке атаңмен барасың.
"Жас қыран" тобына:
1. Әкең, жаста, сенің, 30. - Сенің әкең 30 жаста.
2. Жұмыс, істейді, аспаз, асханада - Аспаз асханада жұмыс істейді.
3. Қарындасың, 2-сыныпта, сенің, оқиды. - Сенің қарындасың 2-сыныпта оқиды.
4. Балалармен, Асан, ойнады, футбол. - Асан балалармен футбол ойнады.
5 кезең Топ басшылар сайысы. Әр топтың топ басшысы ортаға шығып, қойылған сұрақтарға тек ия немесе жоқ деген жауап қайтарады.
«Жас тұлпар» тобының басшысы:
1. Бүгін ауа райы ыстық па?
2. Сен алтыншы сынапта оқисың ба?
3. Сен сабақ жақсы оқисың ба?
4. Бүгін жаңбыр жауды ма?.
5. Қыста қар жауа ма?.
6. Бір айда 30.31 күн бар ма?.
7. Талда жүзім өсе ме?
8. Бір аптада жеті күн бар.
9. 22 наурыз - аналар мерекесі
10. Жылқының сүті шұбат.
« Жас қыран» тобының басшына:
1. Бүгін ауа райы салқын.
2. Елордамыз Астана қаласы ма?.
3. Қазақ тілі сабағы қызық.
4. Бүгін жаңбыр жауды.
5. Жазда күн ыстық
6. Бір жылда 12 ай бар ма?
7. Алма суда өседі.
8. Бір тәулікте 25сағат бар.
9. 8 наурыз - жаңа жыл
10. Жылқының сүті қымыз.
6 кезең. Үш тілде сөйлейік. Шар ішіне сурет жасырылады. Оқушылар шарды жарып, ішіндегі суретті үш тілде айтады.
Доп, алма, мектеп, кітап, мысық, балмұздақ, ана, қолшатыр, үй, көйлек.
7 кезең. Сандарды сөйлет. Дайындалған карточкадағы сандарды оқушылар айту керек.
ІІІ. Қорытындылау
Құрметті ұстаздар мен оқушылар, «Қазақшаңыз қалай?» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Тіл - әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұят та, ел де, жер де болмақ. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне тағы көз жеткіздік. Сау болыңыздар!