https://instagram.com/dzhaltshkola1ru?igshid=1rjl4ru5y6cba
Костюм киген ұлдар,бір-бірінен өткен сұлу , көйлек киген қыздар өміріндегі маңызды кезеңін аяқтады. Мектеп қабырғасында өткізген қуанышты күндерімен, мұғалімдерімен , достарымен болған уақыттарды артқа тастап қоштасу әрине қиынға соғады. Осы жылы біздің мектеп 14 түлек шығарды. Әдемі , жарқын талантты қыздар мен
жігіттер жалпы орта білім туралы аттестат алды. Балаларға мектеп директоры Гүлжан Нурсагитовна Қыстаубаева өнегелі сөздер айтып, жылы лебізін білдірді. Оқу жылдарындағы алғашқы ұстаздары Екатерина
Владимировна Янченко балалардың бірінші армандарын айтты. Ата-аналар атынан Б. К. Сампиев сөз сөйледі .
Сынып жетекшілері Наталия Ивановна Ярмош алғыс сөздерін, жылы тілегін айтты. Балалар жауап сөздері ретінде мұғалімдерге , ата-аналарына алғыстарын білдірді, көптеген жылы сөздер айтылып, мектеп өмірінің күлкілі көріністерін көрсетті, көңілді және мұңлы әндер айтылды.Бұл әдемі күн мәңгі балалардың есінде қалады.