«Ақмола облысы Білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр аулының №1 жалпы білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттіқ мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 села Жалтыр отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Инстаграм

https://instagram.com/dzhaltshkola1ru?igshid=1rjl4ru5y6cba

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

16.05.2017

12 мамыр күні сағат 18.00 – де біздің мектепте жалпы мектеп бойынша ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналысқа   Жалтыр ауылдық округінің бас маманы Королева Наталья Федоровна және аудан білім бөлімінің әдіскері

Рахматулина Гульзия Куатовна қатысты.

Ата-аналар жиналысында мектеп директоры Г. Кыстаубаева «Жалтыр элеваторы» ЖШС, «Бетеге-У»

ЖШС мекемелерінің демеушілік көмегі туралы және мектепте жөндеу іс-шараларының жоспары, материалдық-техникалық база сұрақтары туралы сөз сөйледі.  Мектептегі қамқоршылық кеңесін құру туралы мәселе қаралды. Таңдалған 5 ата-аналар қауымдастығының өкілдерінің төрағасы болып Т. Ю. Кулакова сайланды. ( 10 сыныптың ата-анасы және жеке кәсіпкер)

Директордың ОЖ орынбасары Г.Гаппель ата-аналар алдында  жаңартылған білім берудің мазмұны бойынша сұрақтары, ҰБТ-ның жаңа форматы және қорытынды аттестаттау сұрақтары  бойынша сөз сөйледі.1 сыныптың сынып жетекшісі С. В. Королева және ата-аналары жаңартылған білім беру мазмұны бойынша алған әсерлерімен бөлісті. 

Жазғы демалыс,көгалдандыру және абаттандыру, жазғы тілдік лагері жұмысы сұрақтары

бойынша директордың ТЖ орынбасары С. Осадчая сөз сөйледі.

Мектеп психологі Е. Ю. Ляшенко жазғы демалыста балалардың қамтылуы , жазғы демалыс уақытында тәртіп

бұзушылықтың жиі болуы , балалардың өздеріне қол жұмсауы ,ата-аналардың балаларын

қадағаламауы туралы сұрақтары бойынша сөз сөйледі.

 

Просмотров: 411


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст