https://instagram.com/dzhaltshkola1ru?igshid=1rjl4ru5y6cba
2017 жылғы 5 сәуір күні Жалтыр № 1 орта мектебінде биология, география және химия апталығының аясында 9-10 сыныптар арасында іс-шара өтті. Викторинада «Ұлы саяхатшылар ізімен» фильмінің үзіндісін қарады.
Қазір жер шарында зерттелмеген жер жоқ. Жаңа технологиялар арқылы біз қысқа мерзімде жер шарын
ғарыштан көре аламыз. Бірақ осы ашық зерттеулерді ғалымдар қалай жасады? Ең бірінші жер шарын зерттеу қалай өтті? Жердің шар тәріздес екені қалай дәлелденді ? Осы және басқа да сұрақтарға балалар жауабын беріп,
географиядан алған білімдерін көрсетті.
Іс-шараның қорытындысы « Егер мен жер шарын айналсам?» деген сұрақ балаларды толғандырды және айтылған ойлары ойлау қабілеттерін ғана емес, сөйлеу қабілеттерін де дамытты.