«Ақмола облысы Білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр аулының №1 жалпы білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттіқ мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 села Жалтыр отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Инстаграм

https://instagram.com/dzhaltshkola1ru?igshid=1rjl4ru5y6cba

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

06.04.2017

Сабақтың мақсаты: отбасы мүшелері атауларын қайталау. От­басы туралы әңгімелей алуға үйрету.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік: отбасы мүшелерінің атын, жасын айта алу, ақылды, әдемі, көңілді, күшті деген сөздерді отбасы мүшелеріне

қатысты орынды қолдана алу.

Тұлғалық: отбасы мүшелерін құрметтеу, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу.

Жүйелік

- әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік

жағдаяттарда орынды қолдана алу.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.

II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру

III. Жаңа сабақ

1- тапсырмадағы ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні, қарындас (сіңлі) деген сөздерді хормен және жеке-жеке қайталату арқылы отбасы мүшелері атауларын еске түсіру. Берілген сөздер қатарынан қарындас /сіңлі сөздерінің айырмашылығына назар аудару, бұл сөздерді орынды қолдану ерекшеліктерін еске түсіру. Оны сурет арқылы

немесе балалардың аты арқылы түсіндіруге болады:

Қайрат (10 жаста)                 (қарындасы)                          Әлия (8 жаста)

Анар (10 жаста)                    (сіңлісі)                         Інжу (8 жаста)

2- тапсырмадағы сурет арқылы оқушылар отбасы деген сөзді еске түсіреді. Бұл сөз хормен және жеке-жеке бірнеше рет қайталанады. Оқушылар суреттегі отбасында неше адам бар екенін айтады. Ұл баланың атынан сөйлемдерді

толықтырып оқиды. Бұл - менің отбасым. Отбасымда төрт адам бар. Олар: әкем, анам, қарындасым және мен. Бұл тапсырмада қарындас сөзінің дұрыс қолданылуына назар аударылады. Сондай-ақ әр оқушы осы үлгіде

өз отбасы туралы айтады.

3-тапсырмада оқушылар «Бұл - менің әкем. Менің әкемнің аты - Сабыр. Ол күшті» деген сөйлем үлгілерімен танысады.

Бұл үлгі «Есте сақта!» айдары арқылы түсіндіріледі. 4-тапсырмада «Менің әкемнің аты ...» деген сөйлем

үлгісі кесте арқылы бекітіле түседі. Оқушылар өз отбасы мүшелерінің атын айтып үйренеді. 5-тапсырмада оқушылар

сөйлесу үлгісімен та­нысады. Сабақ бойы өткендерін жинақтап қолдануға жаттығады. 6-тапсырмада оқушылар «Сен неше жастасың?» деген сұрақтың «Сен нешедесің?» деген нұсқасымен танысады. Сұраққа жауап беру формасы «Есте сақта! айдары арқылы түсіндіріледі.

Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.

IV. Жаңа сабақты қорытындылау Мұғалім оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып, сабақты аяқтайды.

 

Просмотров: 333


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст