https://instagram.com/dzhaltshkola1ru?igshid=1rjl4ru5y6cba
2017 жылғы 28 наурыз күні 6 сынып оқушылары арасында « Менің Отаным – Қазақстан » викторинасы өтті. Ойынның мақсаты оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу және Қазақстанның географиясы мен тарихы бойынша алған білімдерін тексеру. Викторина 4 кезеңнен тұрды. Оқушылар жұппен жұмыс жасады, сұрақтарды талқылады және жауап берді. 1кезең Отанымыздың географиясы мен тарихына қатысты 10 сұрақтан тұрды. Осы
кезеңде ұлдар өздерінің білімдерін көрсетті. Екінші кезеңде оқушылар Қазақстанның 10 қаласының, 5 көлі мен 5
өзенінің атауын атап жарысты. Мұғалім аталған жерлерді картадан көрсетуді
сұрады. Осыған қоса оқушылар мақал-мәтелдердің жалғасын тауып жалғастырды. Үшінші кезеңде слайдта көрсетілген суреттен қаланың атын атуы керек болды. Төртінші кезең «аукцион - жарыс» деп аталды,оқушылар ұпай сандары бойынша сұрақтарды таңдады. Осы ұпайлар бойынша Елбасымыз, мемлекеттік рәміздер, мемлекекттік мерекелер , тарихтың атаулы күндері бойынша білімдері тексерілді. Викторина өте достық қарым-қартынаста өтті. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп қана қоймай ,өздерінің қосымша алған білімдерін көрсетті. Қорытындысында достық жеңді.