Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой - өрісін, білім деңгейін көтеру.
2. Дамытушылық: Түрлі әдіс - тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру. Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық дәстүрлерін сыйлауға тәрбиелеу, шапшаңдық пен зеректікке баулу.
Сабақтың түрі: танымдық сайыс сабақ
Сабақтың формасы: топтық
Сабақтың әдістері: эвристикалық, репродуктивтік
Сабақтың тәсілдері: демонстрациялау, баяндау, көрсету, өздік жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, кеспе қағаздар
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану, математика, бейнелеу
1 - жүргізуші: Құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгінгі «Тапқыр достар» атты танымдық сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз - басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен қатар, өзара ынтымақтастықта жұмыс жасай алуға үйрету.
Қадір Мырза Әлі айтқандай, ұлы қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Осындай мақсатпен біздің мектебіміздің 3 – сынып оқушылары арасындағы «Қазақшаңыз қалай?» атты танымдық сайыс сабағымызды бастаймыз.
Бүгінгі сайыс мынадай кезеңдерден тұрады:
1. Таныстыру. (өз тобын таныстыру)
2. «Өнерпаз болсаң...» (үй тапсырмасы: мақал, жаңылтпаш)
3. «Ыстық орындық» (сұрақ-жауап)
4. Сөздер сөйлейді... (шашыраңқы сөздерден сөйлем құрау)
5. Топ басшыларының сайысы. (ия/ жоқ)
6. Үш тілде сөйле. (шар ішіне сөз салынады, оқушы оны үш тілде айтады)
7. Кім тапқыр? (мимика арқылы сөзді табу)
8. Карточкамен жұмыс. (Фонетика)
Сайыскерлердің білімін таразылап, өздеріне баға беруші әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.Әр дұрыс жауапқа бес ұпай қойылады.
Енді, қай топ бірінші болып бастайтынын анықтау үшін қоржыннан асықты тандап, ойынның басынан аяғына дейін кім бірінші бастайтынын анықтайды.
(Қоржыннан асықты алады: қызыл асықты алғандар бірінші, көк асықты алғандар екінші, ақ асықты алғандар үшінші)
1 кезең. Таныстыру,топтың ұранын айту
І топ. «Жас қыран» тобының ұраны
Қырандай қалықтаймыз, оқудан жалықпаймыз
ІІ топ. «Жас тұлпар»тобының ұраны
Сұңқардай қалықтаймыз,
Ізденуден жалықпаймыз !
2 кезең. «Өнерпаз болсаң...»
Оқушылардың дайындап келген өнеріне тоқталайық.
3 кезең «Ыстық орындық»
Бұл кезеңде әр топтан бір оқушы шығып орындыққы отырады. 1 сұрақ қойылады. Берілген сұраққа тоқтаусыз, дұрыс әрі жылдам жауап беру керек.
"Жас қыран " тобына:
1. Сен қай ауылда тұрасың?
2. Сен қай мектепте оқисың?
3. Сенің сүйікті ісің?
4. Оқу құралдарын ата?
5. Апта күндерін ата ?
6. «Прохладно» сөзін аудар?
7. Жыл мезгілдерін ата?
8. «Жұлдыз» деген сөзде неше буын бар?Қандай?
9. Сенің туған күнің қашан?
10. Сен неше жастасың?
"Жас тұлпар" тобына:
1. Сен неше жастасың?
2. Сен қай көшеде тұрасың?
3. Отбасыңда неше адам бар?
4. Қазір қай жыл мезгілі?
5. «Звезда» сөзін аудар?
6. Бүгін аптаның қай күні?
7. Мемлекетіміздің астанасы қай қала?
8. Сенің туған күнің қашан?
9. «Аспан»деген сөзде неше буын бар?Қандай?
10. Күз айларын ата?
4 кезең. Сөздер сөйлейді. Шашыраңқы сөзерден сөйлем құрайды.
"Жас тұлпар" тобына:
1. Әжем, менің, жаста, 70 - Менің әжем 70 жаста.
2. Барады, менің, балабақшаға, інім. – Менің інім балабақшаға барады.
3. Жұмыс, істейді, кітапханашы, кітапханада - Кітапханашы кітапханада жұмыс істейді.
4. Мектепке, барасың, сен, атаңмен. - Сен мектепке атаңмен барасың.
"Жас қыран" тобына:
1. Әкең, жаста, сенің, 30. - Сенің әкең 30 жаста.
2. Жұмыс, істейді, аспаз, асханада - Аспаз асханада жұмыс істейді.
3. Қарындасың, 2-сыныпта, сенің, оқиды. - Сенің қарындасың 2-сыныпта оқиды.
4. Балалармен, Асан, ойнады, футбол. - Асан балалармен футбол ойнады.
5 кезең Топ басшылар сайысы. Әр топтың топ басшысы ортаға шығып, қойылған сұрақтарға тек ия немесе жоқ деген жауап қайтарады.
«Жас тұлпар» тобының басшысы:
1. Бүгін ауа райы ыстық па?
2. Сен он жастасың ба?
3. Сен сабақ жақсы оқисың ба?
4. Бүгін жаңбыр жауды ма?
5. Қыста қар жауады ма.
6. Сенің туған күнің қыста ма?
7. «Есіл» өзен бе?
8. Бір аптада жеті күн бар ма?
9. 22 наурыз - аналар мерекесі
10. Жылқының сүті шұбат.
« Жас қыран» тобының басшына:
1. Бүгін ауа райы салқын ба?
2. Елордамыз Астана қаласы ма?
3. Қазақ тілі сабағы қызықты ма?
4. Бүгін жаңбыр жауды ма?
5. Жазда күн ыстық па?
6.
7.
8. Бір жылда 300 күн бар ма?
9.
10. Жылқының сүті қымыз.
6 кезең. Үш тілде сөйлейік. Шар ішіне сөз жасырылады. Оқушылар шарды жарып, ішіндегі суретті үш тілде айтады.
Доп, алма, мектеп, кітап, мысық, балмұздақ, ана, қолшатыр, үй, көйлек.
7 кезең. « Кім тапқыр» Қобдишадағы сөздерді өз тобына мимикамен түсіндіру.
«Жас қыран» тобы «Жас тұлпар» тобы
1. Дәрігер 1.
2. Ара 2.
3. Аспаз 3.
4. Машина 4.
8 кезең. «Ойлан тап!» Сөйлемнен жоғалған сөзді табу.
«Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты», - дегендей, сайыскерлерімізді бағалау үшін әділ қазыларымызға сөз берейік.
ІІІ. Қорытындылау
Құрметті ұстаздар мен оқушылар, «Тапқыр достар?» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Тіл - әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұят та, ел де, жер де болмақ. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне тағы көз жеткіздік. Сау болыңыздар!