Мақсаты: Оқушыларға ана тілін құрметтеуге бағыт беру, қазақ тілінің
мәртебесінің биік болуына өз тарапынан үлес қосу.
Білімділік мақсаты: Орыс тілді оқушыларға қазақ тілін менгерудегі шама- шарқын бағалай отырып ,қазақ тілінің маңыздылығын ұлғайту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға ұлт рухын сіңдіріп,халқымыздың баға жетпес қазынасы, бабалардан қалған ғибратты сөздерден өнеге беру.
Мерекелік іс-шараның көрнекелігі: Тіл туралы ғибрат сөздер
Н.Назарбаевтың сөзі:
«Қазақ пен қазақ әлі күнге дейін қазақша сөйлеспейді. Немерелерімізге дейін әлі қазақша үйреніп үлгерген жоқ . Ең бастысы, қай жерде болсын өз тілімізді өзіміз дәріптеуіміз керек . Сонда ғана туған тілін сыйлай білетін ұрпақ тәрбиелей аламыз»
Іс-шараның барысы:
1. Қазақстан Республикасының әнұраның орындауы
Әнұраным—жанұраным,
Айтар-әнім, сөйлер-сөзім.
Туған –жерім сағынарым.
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика Әнұраны.
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі
Құрметті қонақтар, ұстаздар «Ұмытпа ана тілінді» атты тіл мерекесіне арналған дөңгелек үстелімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
1998жылы 22қыркүйекте «Тіл туралы Заң» шығып, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді.
Күн далам! Қуанатын күн бүгін!
Серпіп таста мұнды жүрек түндігін
Тіл туралы Заңым енді күшіне,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін
Қуан, бабам!Қуанатын күн бүгін!
Қуан халқым! Күшіне енді Тіл Заңы, «Сүйінші» деп ұлын жырлады. Ел елдегі бағаналар тілімен сол арқылы құлпырады гүл бағы! Біз Қазақстан деген кең байтақ елде тұрамыз. Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Ұай тілде сөйлесе де, олардың барлығы Қазақстанды өз Отанынмыз деп санайды.
3. Ән « Туған жер» (оқушылар орындайды)
Қазақстанда тұрып жатқан барлық ұлт өкілдері өзінің ана тілінде сөйлейді. Біздің елімізде ол үшін барлық жағдай жасалған. Ана тілін білу, оның қасиетін түсіну, әр адамның бас парызы.
4. «Сүйемін өз тілімді-ана тілін» тақпақты мәнерлеп оқу
Сүйемін өз тілімді-ана тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім,
шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін
Ана тілі білмеген –ақылы жоқ желікбас,
Ана тілінсүймеген, халқын сүйіп жарытпас .
Ана тілі-ананың құнар сүті ғой, ғұмыр бойы мен еметін.
Ана-халқымыздың ырыс құты ғой игілікке кенелетін.
Ана тілің-арын бұл , ұятың боп тұр бетте,
өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді ұүметте!
Анатілім-ар тілім ,жанардағы жарқылым,
Жүрегінде сақталған,ана тілдің .
Бағасы-қымбат екег алтыннан.
Тілім барда-мақтанам,
Тілімменің-аппақ ән.
Бірлігіміз бүгінгі-ана тілін сақтаған
5. Тіл туралы нақыл сөздер (мағынасын ашу)
1.Тіл байлығы-ой байлығы
2.Әркімнің туған тілі-туған шеше,
Оған бала міндетті мың есе
3.Ең тәтті де-тіл, ең ащы да –тіл,
Ең жұмсақ та-тіл, Ең қатты да-тіл
4. Тіл барша халықтың ортақ игілігі.
5.Өнер алды –қызыл тіл
6. «Мемлекеттік тіл туралы » баяндамалар кезеңі
1. Самосевич А «Мемлекеттік тілді дамыту жолдары»
2.МалашенкоД «Тіл мәдениетін жетілдіру»
3.Сампиев М Елбасының Н.Ә.Назарбаевтің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында «Тілдер мәселесі» туралы
4. Осадчук.П «Орыс тілінің шығу және оның маңызы»
5.НаумекоЛ «Тілдің ұлтаралық қатынасы»
6. Кенесова.А «Тіл Заңы» туралы
7. Сұрақ-жауап кезеңі
- Қазақстан халықының рухани дамуымену неде?
- Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тану керек пе?
-Қазақ тілі қай тіл?
-Орыс тілі ше?
-Ағылшын тілі – жаhандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі ме?
-Неліктен үш тілді меңгеру керек?
8. Сайыс «Мұғалім- оқушы»
Тапсырма- Тіл сөзін қолданып бес жолдық синквейн өленің өз ойларынан шығару Бұл ойында оқушылармен бірге мұғалімдер де қатысты.
9. Қорытындысы. Рефлексия.
Өткен іс шарамызды өткен ғасырда өмір сүрген француз ғалымының А.Жорри де Манси сөзімен аяқтағымыз келеді. «Әр халықтың тілі-өзіне тән қымбатты да қимас қазынасы. Сол сияқты біздің ана тіліміз де – алтындай асылымыз, мөлдір маржанамыз, ғажап гауhарымыз».