Мақсаты: Оқушыларды қазақ тілінде грамматиканы дұрыс қолдана білуге
үйрету.
Оқушылардың ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Оқушыларды қазақ тілін сыйлауға тәрбиелеу.
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар. Жыл сайын ақпан айында бізде қазақ тілі апталығы болады. Сол себепті біз бүгінде қазақ тілі апталығна байланысты «Грамматика әлеміне саяхат» деген іс-шарамызды бастағалы тұрмыз. Бүгін бізде қазақ тілінен грамматикалық тапсырмаға қатысатын сайыскерлер - 6 сынып оқушылары.
Уа, халайық, халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Грамматика елінде
Шабыт тасып,шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Мұнда қызық табылар
Ал,сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен
Бізге келсін, қуаныш нұр іздеген
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Оқушыларды екі топқа бөлу.
Оқушыларды топқа бөлу кезеңін 1,2 сандары арқылы жүзеге асырамын.
1 2
Білгірлер Тапқырлар
Әр топ өз ұрандарын айтады.
Балалардың қызығушылықтарын ояту.
Бізге қонаққа кім келеді?
Төле би
Сонымен балалар бізге қонаққа кім келіпті екен?
-Төле би:
Бірде Төле биден бір бала келіп сұрайды екен:
-Билік артық па? Дүние-мүлік артық па?-деп.
-Жауабын білгілерін келе ме?
-Ендеше сабақ барысындағы тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар Төле бидің жауабын сабақ соңында өздеріңнің бір жақсы қасиеттеріңнің арқасында білетін боласыңдар.
1-тапсырма.
Тақтада жабыстырылған жұлдызшаларда сөз таптары берілген.Оқушылар оларды алып, ережесін айтып береді. Және, әр сөз таптарына мысал келтіреді.
Мысалы: Зат есім
Сын есім
Сан есім
2-тапсырма. Сөз жұбақтарды шешу.
Ей,балалар,балалар,
Қане бері қараңдар
Сайысымызды бастайық
Сөзжұмбақты қиналмай
Лезде шешіп тастайық.
3-тапсырма. Есептерді қазақша шығару.
Кел балалар, ойнайық
Қандай есеп болса да.
Шешпей оны қоймайық.
Ал,тыңдаңдар,тыңдаңдар.
Асығыстық қылмаңдар.
Асықпайық дегенге.
Бөгеліп те тұрмаңдар.
4-тапсырма. Ойлан тап. Дымбілместі тексер. Оның қатесін тап.
Сабақта ғана грамматика болмайды. Әр жердің өз грамматикасы бар. Сол сияқты асхананың да өз грамматикасы бар сияқты.
5-тапсырма. Сөйлемдерді аяқта.
Абай-қазақтың ұлы ақыны, өйткені ... .
Мен қазақ тілін жақсы көремін, өйткені ... .
Мен орыспын, бірақ ... .
Балалар сабақ барысындағы тапсырмаларды ненің арқасында дұрыс орындадыңдар?
- Ендеше Төле бидің жауабы “Білім” екен.
Жарайсыңдар, балалар! Ендеше келесі кездескенше сау болыңдар.