Мақсаты: Оқушылардың білімі мен біліктілігі арқылы ой — өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу, қазақ тілінен білімдерін тексеру, сынау; тілдерін дамыту; қазақ тілін үйренуге баулу, қызықтыру.
1. Әдісі: сайыс сабақ
Көрнекілік: ұяшықтар, түсті кітаптар, қима қағаздар, әріптер
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
1) алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.
2) әділқазылар алқасын сайлау.
3) сайыстың мақсатымен таныстыру.
4) «Танысу»
5) «Алтын ұяшық»
7) «Суретшілер»
8) «Түрлі — түсті кітаптар»
9) «Кім жылдам?»
Армысыздар құрметті қонақтар, қатысушылар! Бүгінгі «Талантыңмен таңыл» сайысын қазақ тілі апталығына орай өткізгелі отырмын.
Ана тілін білмеген-
Ақылы жоқ желікбас.
Ана тілін сүймеген-
Халқын сүйіп жарытпас, — деп, Байділда Сарноғаев барлығымызды ана тілін білуге, үйренуге, дамытуға шақырады. Ол үшін біз көп оқып, қазақ тілінің қызықты да құнарлы грамматикасын білу керекпіз.
Осымен «Талантыңмен таңыл» интеллектуалдық ойынын ашық деп жариялаймын.
Сәттілік тілеп, ойынды бастау
Қатысушылар екі қатарға отырады, әділқазылар алқасы сайланады:
Шакишев С. Д, Кыстаубаева Г. Н
І тур «Танысу»
І топтың аты — «Болашақ»
ІІ топтың аты — «Бірлік»
(Әр топ өз ұрандарын айтады.)
ІІ тур «Алтын ұяшық» (екі топтың қатысушылары кезектеп ұяшық таңдайды, таңдаған ұяшықтағы ережелерге байланысты сұрақтарға жауап береді)
1.Қазақстанның елбасы кім?-10
2.Қазақстанның астанасы қай қала?-10
3.Дауыссыз дыбыстың түрлерін ата-10
4.Неше дауысты дыбыс бар? Түрлерін ата-10
5.Қазақ тілінде неше септік бар? Түрлерін ата-10
6.Қазақстан жануарларын ата-10
7.Жалғаулардың түрлерін ата-20
8.Етістік деген не?-20
9.Етістіктің шақтарын ата.-20
10.Сын есім деген не?Мысал келтір.-20
11.Көптік жалғауларды ата.-20
12.Тәуелдік жалғауларын ата.-20
13.Етістіктің неше түрі бар?-30
14.«Домбыра», «Қобыз», «Бөлме», «Кітап» сөздеріне көптік жалғауларын қой.-30
15.«Отбасы»сөзін септе.-30
16.Реттік сан есімнің жұрнақтарын ата.-30
17.Сұраулық шылауларға мысал келтір.-30
18. Қазақстанның бірінші Астанасы қай қала болды? -30
ІІІ тур «Суретшілер» (мұғалім оқып тұрған өлең жолдарының мағынасын суреттеу)
Қоңыр қарындаш аламын,
Онымен жерді бояймын.
Сары қарындаш аламын,
Алтын күнді бояймын.
Көк қарындашты аламын,
Көгілдір суды саламын.
Жасыл қарындаш қолымда,
Онымен шөпті саламын.
Салған суреттерін қорғау (не түсінді,не салды?)
IV тур «Түрлі –түсті кітаптар» (оқушылар кезектеп кітап таңдайды, кітаптың ішінде берілген тапсырманы топтасып орындайды)
1.«Кітап» сөзін жекеше түрде тәуелде
2.«Демалыс» сөзіне фонетикалық талдау жаса
3.Сын есімге және сан есімге 5 мысалдан келтір
4.«Қалам, оқулық, ғарышкер» сөздеріне көптік жалғау жалға
5.«Оқушылар тіл апталығына қуана қатысты» Сөйлемнен бастауыш пен баяндауышты тап
6.«Балалар спорттық жарыстан бірінші орын алды» сұраулы сөйлем жаса
V тур «Кім жылдам?» (әр қатысушының алды – артына әріптер жапсырылады, берілген уақыттың ішінде мұғалім сөздерін аударып, жылдам керекті ретпен тұрып сөз аудармасын көрсетулері қажет; күй «Адай» ойнап тұрады)
к м и л і е б а р б қ с с л ш қ р
д ә п т е р о т а н ы м т а б и ғ а т
Жіңішке әріптер қатарына: тетрадь,квартира, школа, одежда, лекарство, ковер,
Жуан әріптер қатарына: Родина, семья, мыло, урок, лес, природа, камень,ребенок,дерево,сад,снег
YI кезең«Ертегіні жалғастыр» ертегіні тыңдайды, аяқтайды.
Әр топқа әділқазылар алқасы бағаларын қояды, жеңімпаздарды анықтайды.
«Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады» — дейді Г.Гегель.
Құрметті оқушылар, ұстаздар, осымен біздің бүгінгі интеллектуалды сайысымыз өз соңына жетті. Оқушыларға қатысқандары үшін, қонақтарымызға келгендері үшін алғысымды білдіремін.