«Ақмола облысы Білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр аулының №1 жалпы білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттіқ мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 села Жалтыр отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Инстаграм

https://instagram.com/dzhaltshkola1ru?igshid=1rjl4ru5y6cba

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

14.02.2017

Іс- шараның мақсаттары:

1. Хайуанаттар бағының қандай екенін және ондағы жануарларды сипаттай білу; берілген құрылымдық үлгі бойынша сұрақ қоя алу; модуль бойынша берілген белсенді сөздік корды сөйлеу барысында қолдану.

2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, ауызша, жазбаша сөздік қорларын дамыту; монолог пен диалогты сөйлеу шеберліктерін жетілдіру;

3. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құштарлығын арттыру, отаншылдыққа мемлекеттік тілге деген құрметке, көптілді маман болуға тәрбиелеу, үштұғырлығын насихаттау.

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Әдісі: жеке сұрақ-жауап, тақырыптық әңгіме құру-көркем сөз (монолог), мақал -мәтел айту, сауатты жазу, тест сұрақтарына жауап беру.

Іс -шараның түрі: сайыс сабақ

Көрнекілігі: слайд- презентациясы

Эпиграфы:

Көп тіл білсең көкжиегін кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл дұрысы-

Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.

Іс -шараның барысы:

1.Психологиялық көңіл-күйі

2. Негізгі бөлімі

1. Кіріспе.

-Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, Әнұраны, Туы, төл теңгесі бар. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ата Заңы –Конституциясында белгіленген өз мемлекеттік тілі бар. Ол, әрине, қазақ тілі. Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы–мемлекеттік тілді білу, оны құрметтеу.

Бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты –осы мемлекеттік тіл-қазақ тілінің білгірін анықтау. Сабағымыз сайыс түрінде өтеді. « Сайыс» сөзіне синоним тапсақ, «жарыс», «турнир» деген мағына береді. Сайысқа сыныптың барлық оқушылары қатысады.

1-кезең «Ой қозғау» Әр топтың сайыскерлері ретімен кезек-кезек сұрақтарды оқып жауап беруге тырысады, сайыскер білмесе, топ көмектеседі.

2-кезең «Кім жылдам?»

Слайдта жазылған сөздердің 2-3 минуттың ішінде параққа аудармасын тауып жазады.

Сергіту сәті “Хайуанаттар бағы”тақырыбына бейнеролик көрсету (3 минут)

3-кезең «“Хайуанаттар бағы” тақырыбына әңгіме құрастыру».

Бейнероликтан көргеніні әңгімелеп

4-кезең «Сұрақ-жауап».

Сурет бойынша диалог құрастыру

Сергіту сәті «Қызыл кітабы" бейнефильм көрсету (7 минут)

5-кезең. "Саған қандай құс ұнайды?"

Ұнаған құсқа сипаттама жазып айту (2 минут)

6-кезең «Ертегілерде аңдар қандай?»

Сурет бойынша әр аңға сипаттама беріңдер (2 минут)

7-кезең "Мақал-мәтелдер" сайысы

Топ басшылары осы кезеңде кім көп мақал- мәтел білгенін көрсетеді

8-кезең. «Үйшік» ертегінің көрінісі

3. Сайыстың қорытындысы.Марапаттау.

Просмотров: 481


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст