7 ақпан күні Сарсембекова Гаухар Кенжебаевна 4 сыныпта « Хайуанаттар бағы » тақырыбында ашық сабақ өткізді. «Қарлы кесек», «Ыстық орындық» және т.б лексикалық материалдар бойынша қызықты тапсырмалар ұйымдастырылды. Осы және тағы да басқа ойындар оқушылардың сөздік қорларын байыта түсті. Қазақ тілі пәнінен алған білімдерін кеңейтті. Сабақ қызықты әрі нәтижелі өтті.
8 ақпанда қазақ тілі мен әдебиеті апталығының аясында Кыстаубаева Гульжан Нурсагитовна 3 сыныпта « Төрт жыл мезгілі » тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ презентациямен берілді, тақырып бойынша қызықты тапсырмалар орындалды. Гульжан Нурсагитовна «Жүгіру диктанты», «Аяқталмаған сөйлемдер» сияқты түрлі әдістерді пайдаланды және бағалау парақтарын қолданды. Балалар Абайдың «Жыл мезгілдері» тақырыбындағы өлеңдерін көркемдеп оқыды. Балалар мемлекеттік тілде жақсы сөйлеу шеберліктерін көрсетті.
8 ақпан күні Сарсембекова Г. К «Тапқыр достар» интеллектуалды ойынын өткізді. Балалар аса қызығушылықпен әр түрлі тапсырмалар орындады.
Әр түрлі тақырыптар бойынша блиц- сұрақтар қойылған топ басшылар сайысы ерекше болды. «Ыстық орындық» ойыны балалардың сөздік қорларын байытты. Берілген тапсырмаларды балалар жарыса орындап, өздерінің тіл білімдерін көрсете білді. Іс-шара презентация арқылы жүріп отырды.
09.02.2017 жылы 4 сыныпта Кыстаубаева Гульжан Нурсагитовна « Мен не білемін?» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді.
Мұнда балалар қазақ тілінен алған білімдерін тексерді. Сабақ көңілді психологиялық ахуалмен басталды.
Балалар топпен жұмыс жасады. Балалардың тіл білгірлерінің сайысына қызығушылықтарын арттырды. Ойындар әр түрлі әдістермен ойнатылды. Ойын балаларға өте қызықты болды.
9 ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абишева М. Т 5 сыныпта «Талантыңмен таңыл» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді.Іс-шара жарыс түрінде өтті.Сынып «Бірлік» және «Жас Ұлан» тобы болып екі топқа бөлінді. Ойында «Алтын ұяшық» , «Түрлі-түсті кітаптар», «Кім жылдам» кезеңдері болды .Балалар ойынға аса қызығушылықпен қатысып отырды. Ойынның соңында «Жас Ұлан тобы»жеңіске жетті.