«Ақмола облысы Білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр аулының №1 жалпы білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттіқ мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 села Жалтыр отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Инстаграм

https://instagram.com/dzhaltshkola1ru?igshid=1rjl4ru5y6cba

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

09.02.2017

Сабақтың мақсаты: оқушылар төрт жыл мезгілі туралы бейнеролик және CLILL технологиясы  арқылы танысады,  тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгереді.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік: жыл мезгілдері суреттер арқылы әңгімелей алу, үлгі бойынша сұрақ қоя алу, тақырып бойынша берілген белсенді сөздік қорды сөйлеу барысында қолдану.

Тұлғалық: білімді, ақылды болуға талпыну, ауыз әдебиеті үлгілерімен танысуға деген қызығушылықты бойына сіңіру.

Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу.

Сабақтың 

әдісі:  әңгімелеу,жеке  сұрақ-жауап,сауатты жазу

Пәнаралық

байланыс:  дүниетану, әдебиеттік оқу.

Сабақтың  көрнекіліктері: "Төрт жыл мезгілі" бейнеролик, жыл мезгілдері туралы суреттер,Абай Құнанбаев

туралы слайд-презентациясы.

    Сабақтың  барысы:           

  І .

Ұйымдастыру кезеңі

   1. Психологиялық  дайындық.

     «Армысың досым,

     Кел, маған қосыл.

     Алақанға салып  алақан,

     Шеңберге бірге  тұрайық  (қолдарынан ұстайды)

     Жер шарындай айналып,

     Әлемге жарық ұқсайық (айналады).

     Қолымызды көтеріп, күннің  нұрын алайық  (қолдарын көкке созады).

     Ортамызда күн нұры,

     Құшаққа оны алайық (құшақтасады)».

Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық.

ΙΙ. «Ой ашар» (сұрақтар)

-Гүл жасау үшін қандай құралдар керек?

- Гүлді қалай жасайды?

-Сен кеше не істедің?

-Сыйлықтардың түрлеріне не жатады?

- Досыңның туған күніне не сыйлайсың?

- Досыңа не тілейсің?

- Сенің туған күнің қашан?

-Алматы өзен бе?

- Балқаш көл ме?

-Есіл өзені қайда орналасқан?

-Жайық өзені қайда орналасқан?

-Балқаш көлі қайда орналасқан?

-Зайсан көлі қайда орналасқан?

-Сенің мектебің қай көшеде орналасқан?

-Астана қандай қала?

-Астанада нелер бар?

-Картада нелер бар?

-Қандай түспен берілген?

-Сен қайда тұрасың?

-"Ападан да құтылдым,

Атадан да құтылдым.

Қоян,сенен де құтылып кетемін. Бұл қай ертегі?

-"Қандай дәмді!Қандай жұмсақ!" тақпақта қандай тағамдар туралы айтылған?

- "Нөл" керек пе? Қандай сандарда нөл бар?

-Дүкенде нелер бар?

ΙΙΙ. Сөздік жұмысы.  Ойын «Кім жылдам?»

Сделаю-жасаймын

Готов-дайын

подарю-сыйлаймын

поздравляю-құттықтаймын

здоровье-денсаулық

желаю-тілеймін 

цветом-түспен

даются-беріледі

море-теңіз

океан- мұхит

мягкий-жұмсақ

твердый-қатты

полезны-пайдалы

собираем-жинаймыз

IV. Жаңа сабақ

1. "Төрт жыл мезгілі" туралы бейнеролик қарап,сабақтың тақырыбын анықтау

2. Әңгімелесу

-Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

-Қандай? Олардың ерекшеліктері қандай?

3. Оқулық бойынша жұмыс

 1-тапсырмадағы суреттер бойынша сөздерді тыңдау, қайталау, оқу арқылы сөздерді дұрыс дыбыстауға мән

беріледі. Оқушылар  Бұл - көктем (жаз, күз, қыс) мезгілі деп толықтырып айтады.

2-тапсырмадағы сөздерді оқу арқылы қыс, көктем, жаз, күз айларын қайталайды. Оқушылар сөздердің жазылуына назар аударады, қайталайды.

3-тапсырмада берілген сұрақтарға жауап беріп үйренеді. Басқа оқушылардың жауаптарын тыңдап қайталайды, өз

бетінше айтып жаттығады. Оқушылардың жауаптары: Бір жылда он екі ай бар. Бір жылда төрт жыл мезгілі бар.

4. Дәптерде жұмыс   Ойын "Жүгіру диктанты"

         Әр

жыл мезгіліне белгілі бір түсі сәйкес. Мысалы: қысқа- көгідір,көктемге- ақшыл жасыл ,жаз- жасыл,күз- сары. Сыныпта әр жыл мезгілі туралы сөйлемдер жазылған.

Әр сөйлемнің саны белгіленген. Сондықтан әр оқушы өз жұбымен  сол сөйлемдерді тауып дәптерлеріне жазып

мазмұндайды.

Қыс

         Маған қыс мезгілі ұнайды. Қыс айлары-желтоқсан,қаңтар,ақпан.Қыста күн суық болады.Қыста қар жауады,жел соғады.Қыста балалар шаңғы мен коньки тебеді,шанамен сырғанайды,аққала жасайды.

  Көктем

         Маған көктем мезгілі ұнайды. Көктем айлары-науырыз,сәуір,мамыр. Көктемде күн жылы

болады, қар ериді,жаңбыр жауады,найзағай жарқылдайды,гүлдер шығады. Жылы жақтан

құстар ұшып келеді.Көктемде көктемгі демалыс болады.

  Жаз

         Менің сүйікті жыл мезгілім- жаз. Жаз айлары- маусым,шілде,тамыз.Жазда күн ыстық

болады.Жазда жазғы демалыс болады. Демалыста көлде шомыламыз, тауға шығамыз,ойнаймыз,балмұздақ жейміз.

Күз

         Маған күз мезгілі ұнайды.Күз айлары- қыркүйек,қазан,қараша. Күзде күн салқын болады,жаңбыр жауады,жел соғады,құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күзде жапырақтар сарғаяды.  Күзде жеміс-көкөністер  піседі.

 

5.Абай Құнанбаев туралы слайд-презентациясымен таныстыру

 6.Мәнерлеп өлең оқу кезеңі (Абай Құнанбаевтың төрт жыл мезгілі туралы өлеңдер)

Жаз 
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда;
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Кұйрығымен шылпылдап,
Арасында кұлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап.
Жоғары-төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.
Қыз-келіншек үй тігер,
Бұрала басып былқылдап,
Ақ білегін сыбанып,
Әзілдесіп сыңқылдап.
Күз 
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. 
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай. 
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп, 
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Біреу малма сапсиды, салып иін, 
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Қыс 
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Жазғытұры

Жазғытұры ќалмайды ќыстың сызы,

Масатыдай ќұлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Жаздың көркі енеді жыл ќұсымен,

Жайраңдасып жас күлер ќұрбысымен.

Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал

Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.

Ќырдағы ел ойдағы елмен араласып,

Күлімдесіп, көрісіп, ќұшаќтасып.

Шаруа ќуған жастардың мойны босап.

Сыбырласып, сырласып, мауќын басып.

Түйе боздап, ќой ќоздап—ќорада шу,

Көбелек пен ќұстар да сайда ду-ду.

Гүл мен ағаш майысып ќарағанда,

Сыбдыр ќағып, бұлаңдап ағады су.

Көл жағалай мамырлап ќу менен ќаз,

Жұмыртќа іздеп, жүгіріп балалар мәз.

Ұшќыр атпен зырлатып тастағанда,

Жарќ-жұрќ, етіп ілінер көк дауылпаз.

Ќұс ќатарлап байлаған ќанжығаға

Ќыз бұраңдап жабысып, ќылады наз.

7. Абай Құнанбаевтың "Жаз",

"Күз", "Қыс" өлеңдерін бейнеролик арқылы тыңдату

 

Y.Бекіту кезеңі

1.  Семантикалық

парақшамен жұмыс

 

 

 

Қыс

 

Көктем

 

Жаз

 

Күз

науырыз,сәуір,мамыр

 

 

 

 

күн суық

 

 

 

 

найзағай жарқылдайды

 

 

 

 

жеміс-көкөністер  піседі

 

 

 

 

гүлдер шығады

 

 

 

 

балалар мектепке барады

 

 

 

 

күн ыстық

 

 

 

 

қыркүйек,қазан,қараша

 

 

 

 

қар жауады

 

 

 

 

көлде шомыламыз

 

 

 

 

жел соғады

 

 

 

 

күн жылы

 

 

 

 

жапырақтар сарғаяды

 

 

 

 

балалар шаңғы мен коньки

тебеді,шанамен сырғанайды,аққала жасайды

 

 

 

 

қар ериді

 

 

 

 

желтоқсан,қаңтар,ақпан

 

 

 

 

жылы жақтан құстар ұшып келеді

 

 

 

 

маусым,шілде,тамыз.

 

 

 

 

  2. Тапсырма- сурет бойынша сұрақ-жауап құрастыру

 YI. Жаңа сабақты қорытындылау.Бағалау.       

Мұғалім оқушылар арасында жағымды

психологиялық жағдай қалыптастыра отырып, сабақты аяқтайды.

YII.Үйге тапсырма:"Төрт жыл мезгілі"

туралы әңгіме құрастырып мазмұндау

 

 

Просмотров: 554


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст