«Ақмола облысы Білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр аулының №1 жалпы білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттіқ мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 села Жалтыр отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Инстаграм

https://instagram.com/dzhaltshkola1ru?igshid=1rjl4ru5y6cba

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

08.02.2017

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға жануарлар әлемінің түрлері туралы білімдерін кеңейту. Үй жануарлары мен жабайы жануарлардың айырмашылығын білдіру.

Дамытушылық: жаңа технология элементтерін пайдалана отырып шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: туған жердің табиғатына қамқорлық жасауға, аялауға, жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту;

Сабақтың әдіс-тәсілі: сыни тұрғыдан ойлау, дарынды балалармен жұмыс, оқытудағы жаңа әдіс- тәсілдер, оқу үшін бағалау және оқыту үшін бағалау, АКТ

Сабақтың көрнекілігі: «Хайуанаттар бағы » көрме, табиғат туралы нақыл сөздер, «Қызыл кітап», оқулық, үлестірмелі материалдар.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, орыс тілі,математика.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер а) Психологиялық дайындық.

ә) «Шаттық шеңбер » ( ынтақмақтастық атмосферасын қалыптастыру)

Мұғалім сөзі: Қанеки , балалар, қол ұстасып, «Шаттық шеңберін» құрайық. Мен сендерге сабаққа сәттілік тілеймін.

Күлімдеп күн бүгін (қолдарын көтереді)

Қарады маған да! (қолдарын кеуделеріне қояды)

Күлімдеп күн бүгін

Қарады саған да! (қасындағы балаға қарайды)

Сәлем деймін достарға!

Сәлеметсіздер ме ұстаздар!

Тату болып халықтар,

Аман болсын балалар!

Балалар, сабағымыз қызықты өту үшін , мен сендерді 3 топқа бөлемін. Ол үшін сандық ретті пайдаланамын. 1,2,3.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

2.Оқыту үшін бағалауға,оқытуды бағалау.

Сендердің алдарыңда бағалау парақтары жатыр. Сабағымыз бірнеше тапсырмалардан тұрады. Топ басшысы бағалап отырады. Әр тапсырмаға «5», «4», «3» деген бағалар қоясыңдар.

Балалар, үй тапсырмасы «Менің сүйікті жануарым» тақырыбына сурет салып әкелу және сурет туралы әңгімелеу болды.

3.Қорытындылау.Өте жақсы балалар, үй тапсырмасын орындап келдіңдер.

4.Қызығушылықты ояту

5. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқыту. Балалар тақтаға назар аударыңдар!

Ойын «Сандарды ретімен орналыстыр»

А Х Й А У Н Т А Т А Р

2 1 3 5 4 6 8 7 9 10 11

Ғ Б А Ы

14 12 13 15

Қандай сөз шықты? Кім оқиды?

Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « Хайуанаттар бағы»

- сабағымыздың мақсаты, сабақта хайуанаттар бағында өмір сүретін жабайы аңдар туралы әр түрлі тапсырмалар орындап, ойын арқылы білімімізді толықтырамыз және топпен, жұппен,жеке жұмыс жасаймыз.

Дәптерге бүгінгі күнді жазады.

ІІ. Мағынаны тану.

Жаңа сабақ

- Кім хайуанаттар бағына барды?

- Балалар сендер қандай хайуанаттарды білесіңдер?

Ой қозғау.

Ақпараттық комуникативтік технологияны қолдану

Талантты және дарынды балаларды оқыту. Тақтаға назар аударыңдар!

Мұғалім сөзі:

-Балалар, жануарлар әлемі әр түрлі және көп болып келеді. Жер бетінде жануарлардың 2 млн-нан аса түрі бар. Сирек кездесетін жануарлар «Қызыл кітапқа» жазылған. Өйткені түйе, жолбарыс, бұлан, құлан сияқты жануарлар , тырна сияқты құстар азайып, сирек кездесетін болды.

Балалар бейнесюжет қарайды.

Жаңа сөздермен танысу.Cөздік жұмыс

Оқытуды бағалау, оқыту үшін бағалау.

Хайуанаттар бағы – зоопарк

Жиі - часто

Ұйықтап жатыр - спит

Секіру – прыгать

Су ішу – пить воду

Жеп отыр - кушает

Сөздерді оқу, қайталау, сөз тіркесі мен сөйлемдерді құрау

Бағалау.

Мәтінмен жұмыс

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқыту. Мұғалім оқиды, топпен, жұппен ,жеке оқиды.

Мынау – хайуанаттар бағы. Хайуанаттар бағы өте үлкен. Хайуанаттар бағында аң, құстар бар. Мысалы: піл, арыстан, жолбарыс, қасқыр,түлкі,аю. Мен хайуанаттар бағына жиі барамын.

Қарашы! Аю ұйықтап жатыр. Қоян секіріп жүр. Керік жапырақ жеп тұр. Піл су ішіп тұр. Маймыл банан жеп отыр. Маған хайуанаттар бағы ұнайды.

Сергіту сәті.

Топтық жұмысы

1 – тапсырма. Жануарға сипаттама бер.

І – Керік

ІІ – піл

ІІІ - қоян

- сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

- оқытуды бағалау, оқыту үшін бағалау.

2-тапсырма. «Адасқан сөздер» ойыны

Бағында,әр түрлі,хайуанаттар,бар,аңдар,құстар

Жиі, мен,бағына,хайуанаттар,барамын

Бағы,өте,хайуанаттар,үлкен.

Жатыр,ұйықтап,жатыр.

Жүр,секіріп,қоян.

Жеп,отыр,банан,маймыл

Бағалау.

Жеке жұмыс. 3- тапсырма. Берілген сөздерге көптік жалғауларын қойып жазыңдар.

Аң, құс, піл,арыстан, жолбарыс,қасқыр,түлкі,аю,маймыл,хайуанат.

Бағалау.

4- тапсырма. «Дұрыс, бұрыс» ойыны

5- тапсырма. «Қарлы кесек» ойыны

Қар тәрізді ақ қағазды мұғалім оқушыға лақтырады, оқушы ашып, сондағы сұраққа жауап береді. Сұрақтар жоғарыда оқыған мәтіндегі әр сөйлемге құрастырылған.Ойын қағаз әбден таусылғанша ойнатылады.(8 сұрақ,8 қарлы кесек)

Жұптық жұмыс.Буынға бөліп, буынды ажыратыңдар.

Жапырақ, арыстан, жолбарыс,секіру, хайуанаттар

Топтық жұмыс. "Жануарлар тобын тап" ойыны

- Балалар, мен сендерге жануарлардың аттарын айтамын, "Үй жануарын" айтқанда бір рет қол шапалақтау керек, егер «Жабайы жануарларды» атауын айтқанда, екі рет қолдарың шапалақтайсыңдар.

Мысалы: жолбарыс, түйе, жылқы, лақ, кірпі, ешкі ,қоян, ит, тиін,қасқыр, барыс, аю, қой, сиыр, арыстан, қозы,бота, құлын.

Жаңа сабақты бекіту

Бағалау. Әр топ кезек-кезек шығып стикер бойынша бір-бірін бағалайды.

ІІІ. Рефлексия Стикерлерге сабақтан алған әсерлерін жазады.

Не ұнады?

Не ұнамады?

Үйге тапсырма Жануарлар туралы әңгіме жазу.

Просмотров: 794


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст