30 желтоқсанда 3-4 сыныптарда жаңа жылдық ертегі өтті. Жаңа жылдық шыршада балалар аса қызығушылықпен Ақшақар, нағыз достық және қораз туралы ертегілер қарады. Жаңа жылдық шыршаға Жалмауыз кемпір, Баюн мысық, Леший балаларға қонаққа келді. Жауыздардың мерекені тойлауға бөгет жасағандары балалардың жағымсыз көңіл-күйлерін туғызды. Қораз, Ақшақар, Аяз атаны балалар үлкен қошеметпен қарсы алды. Көңілді ойындар, шырша жанындағы билер, әндер балалардың естерінде қаларлықтай болды. 0-2 сыныптар үшін мерекенің кейіпкерлері Маймыл және Қораз балаларға келді. Клара қарға және Пломбир пингвин балалардың мерекені тойлауына бөгет жасауға тырысты. Мерекенің басты кейіпкері Қоразды шеттеткілері келді. Мерекенің шырқын бұзу үшін олар балмұздақпен және салқын сүтпен сый көрсетті.Бірақ балалар ойындар ойнап, жұмбақтар шешіп, би билеп кейіпкерлерді құтқарды. « Это правда, детвора?», « Вкусные загадки» ойындары, « Елочки-пенечки», « Мы повесим шарики», « Паровоз» би ойындары балалардың көңіл-күйлерін көтерді. Мерекелік күн балалардың есінде көпке дейін қалатындай болды. Барлық балалар Аяз ата мен Ақшақарға тақпақтарын айтты және сыйлықтарын алды. 5-7 сыныптарда жаңа жылдық таңертеңгілік өтті. Балалар мерекеге белсенді қатысты: 5 сыныптың қыздары би биледі, 7 сыныптың орындауындағы би балалардың үлкен қошеметіне ие болды. « Веселые рисунки», « Потому что Новый год», « Конкурс одевайся!» ойындарына барлық балалар аса қызығушылықпен қатысты. Шырша жанында « Маленькой елочке», « В лесу родилась елочка» әндері орындалды.
Жоғары буында жаңа жылдық кеш өтті. Жаңа жылдың қарсаңында көңілді көңіл - күймен балалар мерекенің кейіпкерлері Аяз ата, Ақшақар, Жалмауыз кемпірді қарсы алды. «Развяжи бантик», « У кого длинее веревка», «Одень вещи из мешка», «Скачки оленей», «Фанты» көңілді жарыстары балалардың көңіл – күйлерін көтерді. Көңілді қазіргі заманның билері мереке қонақтары мен балалардың көңіл - күйлерін көтерді. Мерекенің соңында бақыт, жақсылық туралы , жаңа жылдық тілектер айтылды.
6 қаңтарда қыс туралы жұмбақтар бойынша іс – шаралар өтті. Қыс туралы жұмбақтар, әндер мен ертегілер бойынша білімдерін тексеру жарыстары болды. Іс - шараның соңында балалар қағазға өздерінің тілектерін жазып, жаңа жылдық ойыншықтар салды. Іс - шараны тәлімгер А.Н.Добровольская өткізді.
Н.И.Ярмош орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 10-11сыныптар арасында « Счастливый случай» әдебиеттік ойынын өткізді.
Ойын төрт кезеңнен тұрды.
Бірінші кезең "Дальше, дальше..." Әр топқа 10 сұрақтан қойылды.
- әр дұрыс жауап - 1 ұпаймен бағаланды.
Екінші кезең "Заморочки из бочки". 1 ден 10 – ға дейінгі лото нөмірлері лақтырылады . Кейбіреуінде сыйлыққа ұпайлар берілді.
Үшінші кезең «Темная лошадка" – әдебиеттің кейіпкерлерін білуі керек. Егер бірінші көмектен тапса 5 ұпай, екіншіден - 4 ұпай берілді.
Соңғы кезең "Гонка за лидером". Аз ұпай алған топтан басталды. Әр топқа 10 сұрақтан қойылды. « Знатоки» тобы жеңіске жетті.
Бастауыш сыныптар арасында орманға саяхат өтті. Оқушылар қыс туралы және жаңа жыл туралы суреттер салды. Ең үздік суреттер стендке ілінді.
Дене шынықтыру мұғалімдері орта буын оқушыларымен « Зимние старты» спорттық іс - шаралар өткізді. Бірақ бастауыш сынып оқушылары аса қызығушылықпен келді.
Баскетбол, теннис, футзал бойынша спорттық ойындары өтті.
Бастауыш сыныптар арасында « В мире сказок» тақырыбында викторина өтті. Халық ертегілерінің кейіпкерлері, атақты ертегі авторлары туралы білді.
Жарыстық – ойын «Веселый каламбур» бағларламасы 6-8 сыныптары арасында өтті.
Бастауыш сыныптар арасында « Легко найдем любую книгу» оқырмандар байқауы өтті.