https://instagram.com/dzhaltshkola1ru?igshid=1rjl4ru5y6cba
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыру, ғылымға баулу, математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру, олимпиада резервтерін қалыптастыру және қабілетті балаларды анықтап, ынталандыру.
Олимпиада кезінде қатысушыларға қатаң тыйым салынды:
· ұялы телефондар, смартфондар, ноутбуктер, ақпарат тасымалдағыштар және т.б. қолдануға;
· бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, аудиторияда еркін жүріп-тұруға;
· өз бетімен сыныптан шығып кетуге.
Мектепішілік кезеңнің тапсырмалары үш бөлімнен тұрады:
бірінші бөлім - тест жұмысы;
екінші бөлім - тест жұмысы;
үшінші бөлім – бос орынды толықтыру. Берілетін уақыт – 60 минут.